Аю Баби

Баби Көңілдікұлы  1821 жылы туып, 1900 жылы дүниеден озды. Суырып салма ақын. Халық арасында  сөз тапқырлығымен, тура билігімен аты шыққан. Ел ішінде Баби айтты  деген шешендік сөздер ауыздан ауызға тарап кеткен. Бабидың диханшылық істері  де елге үлгі болған. Шалқар ауданының жерінде Бабидың қолмен жасаған тоғаны, су жүргізген арығы, егін еккен іздері ақ қағазға сызғандай сақталып қалған. Ел кейін Баби еңбек етіп, тер төккен жердегі биік қырдың және көлдің атын Баби деп атап кеткен.


Аю Баби: Өмірбаян // Шалқар энциклопедиясы // Бас ред. Тілешев Т.-  Шалқар, 2009.-51б.