Кереева Қарлыға

Кереева Қарлыға

(1931-2015)

 1931 жылы Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Жарқамыс орта мектебін бітіріп,Ақтөбе қаласындағы педагогикалық училищеге түседі. Білімін одан әрі жетілдіру мақсатында Н.Байғанин атындағы екі жылдық мұғалімдер институтына түсіп, оны 1952 жылы физика-математика мамандығы бойынша бітіріп шығады. Еңбек жолын аудандағы Комсомолдың ХХХ жылдығы атындағы орталау мектебінің мұғалімі болудан бастайды. 1953 жылы ауданның комсомол ұйымына жұмысқа ауысып, аудандық комитетінің екінші хатшысы, кейіннен бірінші хатшысы болады. 1959 жылы қызмет жасай жүріп, Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетін тәмамдайды. 1962-1964 ж.ж.Москва қаласындағы СОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінде оқып, оны партия құрылысы бөлімі бойынша бітіріп шығады. 1986 жылы республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық партия комитетінің хатшысы болып жұмыс жасаған.1976 жылы «Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің үздігі» атанған.


Баймағанбетова Қ./ Байғанин ауданы. Энциклопедия./ Бас ред. Кемешов Б.-Ақтөбе 2008.-111б.
Кереева Қ. Нан атасы-дән, балам: Повестер мен әңгіме.- Алматы: Жазушы,1984.-120 б.
Кереева Қ. Ат үстіндегі арпалыс: Естелік әңгімелер.-Ақтөбе,2001.-392б.