Нұрым Айшөкеұлы

Нұрым Айшөкеұлы
(1813-1856)
Әрі батыр, әрі суырып салма ақын. Шектінің Қабақ руының Жангелдісі. Адайдың қырықмылтығы Шабай батырдың жиені. Есет Көтібарұлының қол бастаған  «көкжал» батырларының бірі.    1847-1858 ж.ж. Кіші жүз қазақтарының қозғалысына белсене қатысқан. 1856 ж. Шайқаста қаза болған. Бейіті Шалқар қаласынан 100 шақырым жердегі «Құмалақтының қара суы» деген жерде.

 Айшөкеұлы Нұрым: Өмірбаян // Шалқар энциклопедиясы / Бас ред. Тілешев Т. - Шалқар, 2009.-27 б.

             *             *             *

Баласы ем Айшөкенің атым Нұрым,
Ақжолдап былғарыдан таққан тұрым.
Ерегіс екі талай болған жерде,
Кім шабады мына жауға менен бұрын.
Баласы ем Айшөкенің Нұрым батыр,
Жау келсе, Үштайлақты қырындатар.
Жігіттер, шабыңыз да, шаншыңыз да,
Ұрыста өлген -шейіт, жеңген- батыр.