Бөрекешов Нәби

Бөрекешов Нәби

(1926-1985)
            1926 жылы 13 қыркүйекте Ақтөбе обысының қазіргі Байғанин ауданында туған. 1955 жылы Өзбекстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғарғы партия мектебінің журналистика факультетін, 1964 жылы Қарақалпақтың Т.Г.Шевченко атындағы педагогика  институтының тарих факультетін бітірген. 1956-1970жж. Қарақалпақстанда республикалық «Лениншіл жас», «Совет Қарақалпақстаны» газеттерінде әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі, «Қарақалпақстан» баспасы бас редакторының орынбасары, Қарақалпақ телевизиясының аға редакторы болып істеген. 1970 жылы Алматыға көшіп келіп, Қазақ КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі  мемлекеттік комитетінде аға редактор, «Қазақстан» баспасының  ғылыми көпшілік әдебиеттер редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 
1957 жылы очерктері мен әңгімелері  жеке кітап болып шыққан. А.Мұхтардың балаларға арналған «Ашыған сүт» кітапшасын, өзбек ақындары С.Ақбари мен Х.Шәріповтың көптеген өлеңдерін, Х.Бекқожиннің «Дала комиссары» поэмасынан үзіндіні қарақалпақ тіліне аударған.

Бөрекешов Н: Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық./Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ. - Алматы: Ан-арыс 2009.-108б.
Бөрекешов Н./ Байғанин ауданы. Энциклопедия./ Бас ред. Кемешов Б.-Ақтөбе 2008.-136б.
Бөрекешов Н. Өмір сақшысы: Очерктер. - Нөкіс «Қарақалпақстан» -1957;
Бөрекешов Н. Тағдырға табынған: Өлеңдер жинағы.- Нөкіс «Қарақалпақстан», 1961;
Бөрекешов Н. Кек жалыны: Роман. - Нөкіс «Қарақалпақстан», 1967.