Асанов Бекжан

Асанов Бекжан

Асанов Бекжан Құралбекұлы-1997 жылы наурыз айында Қызылорда облысы, Бөген ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда АӨМУ-нің филология мамандығы бойынша 2-курс студенті. "Шұғыла" шығармашылық орталығының мүшесі.

Əр ойларды бір төңкеріп өткенде 
Түйін жасау керек-ақ
Сондай сəтте мендік түйсік көктердей
Пайымдауға шебер-ақ

Пайымдайтын сезім бе екен сəнталақ?
Көлбенеңдеп көк түсті
Қауырсындай сезім баяу қаңғалап
Қиыс кетті?
Дөп түсті?

Алаңдатып 
Кел!
Кел!
       Деген əр тарап
Бағыт таппай шақыртпаны кезсін бе?
Міне тағы үнсіз тұр-ау шартарап 
Бір байламын естуге

Тыныштық самалы есіп тұр 
Жанға сыр əкелер несіп бұл
Асықпай 
Бір талдап орайын 
Өмір-ай 
Бақытқа жетуге кешіктір

Түн ауып өтеді күн қалай?
Жыр дəмнен тамағым құрғамай
Сыр таттым 
Ашығу білінбес 
Шөлдетпес құрмадай 

Қадірлі 
Қадірін нық ұстап
Сəл ғана уақытқа тыныстап
Кетуі 
келуден тезірек
Тоқтатпақ кім ұстап? 

Туыпта үлгеріп бір күн ай
Гүлдепте үлгеріп құлпынай. 
Кеш келіп ертерек кеттің-ау
Ай көктем   құрбым-ай!

           *       *        *

Мені күтпес ештеңе
Мен күтемін оқыс жəй 
Мұң мен шаттық бұлт үстінде шайқасып 
Бітісерме соғыспай?

Таң мен ымырт ымыраға келуге 
Түн шеңгелі 
Шекарадан өткізбей 
Қауышудың сəті түспей жүр əлі 
Кешқұрымын 
Таңсəріге жеткізбей 

Менің кеудем-дүбірлеген алаңқай 
Шайқасуға қолайланған атырап 
Дүлейленсін бірін-бірі жеңе алмай 
Қан орнына 
Жыр төгілсін сарқырап