Ақпан Әйітбекұлы

Ақпан Әйітбекұлы

(1837-1874)
Жырау мұрасы оның өз дәуірінде ірі сөз зергері ғана емес, жауынгер екенін де көрсетеді. Туған, өмір сүрген жері – Шалқар өңірі. Батыр Есет Көтібарұлы көтерілісінің соңғы жағына қатысқан. Есет жеңіліс тауып, Үстірт жағына өтіп кеткенде, Ақпан батыр Қоңырат жағына ығысады.

Әйітбекұлы Ақпан: Өмірі мен шығармалары // Асыл қазына: Жинақ / Құраст. Ж.Асанов.- Ақтөбе, 2001.-57б.
Әйітбекұлы Ақпан: Өмірі мен шығармалары // Жәдігер: Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы / Ред.алқасы төрағасы Е.Сағындықов.- Ақтөбе, 2006.-37б.
Әйітбекұлы Ақпан: Өмірі мен шығармалары // Адырна: Т.1 Ежелгі жыраулар // Құраст. Ж.Асанов. -«Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, 2011.-68б.


                                                     *       *       *
...Қарт бурадай қаһарлы,
Патшаға қазақ бағынбас,
Ер Есеттің діні азбай,
Ер Есет елдің басы еді
Арыстандай азулы,
Әруағы жұрттан озулы,
Патшаның құрған торына
Бой бермеді бағынбай.
Арыстанның өлген шағында-ай,
Бес шектінің баласы,
Сонда бөліне көшкен емес пе,
Бұлдыраған сағымдай.
Бөліне көшкен Есетке,
Бірің көмек бермедің,
Қайтсін тауы шағылмай.
Есетке бермей тізгінді,
Жазулы қағаз қолға алып,
Патшаға бердің қожарнай.