Ахтанов Тахауи

 Ахтанов Тахауи

 (1923-1994)
            Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп, екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары майдан газеттерінің бетінде жарияланған. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері «Жастар дауысы» деп аталатын жинаққа енді. 1956 жылы «Қаһарлы күндер» романы жарық көрді. «Дала сыры» повесі үшін  1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары,  «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында  көрінді. А.Н.Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, М.Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудия сценарий бөлімінің бастығы, «Әдебиет және искусство»  -«Жұлдыз» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты қызметтер атқарды.
ІІ дәрежелі Отан соғысы оденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы.
Шығармалары:
Ахтанов Т: Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық /  Құраст.Қамшыгер С, Жұмашева Қ.- Алматы: Ан-Арыс, 2009,-45 б.
Ахтанов Т. «Ғабит Мүсірепов»: Әдеби сын-очерк.- Алматы: ҚМКӘБ, 1956.- 83б.
Ахтанов Т. Қаһарлы күндер: Роман.-Алматы: ҚМКӘБ,1956.
Ахтанов Т. Махаббат мұңы: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: ҚМКӘБ,1960. АхтановТ. Дала сыры: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: ҚМКӘБ,1963.
Ахтанов Т. Көк құтан: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1968;.
Ахтанов Т. Керуен: Әдебиет туралы ойлар.- Алматы: Жазушы,1969.-340 б.
Ахтанов Т. Үндістан хикаясы:Сапарнама. –Алматы: Жазушы, 1971.
Ахтанов Т. Ант: Драма. -Алматы: Жазушы, 1973.
Ахтанов Т. Ана дауысы: Драмалар.-Алматы: Жазушы, 1978.
Ахтанов Т. Көкейкесті: Әдебиет туралы ойлар.-Алматы: Жазушы,1980.-360 б. 
Ахтанов Т. Шырағың сөнбесін: Роман. -Алматы: Жазушы, 1981.
 Ахтанов Т. Шығармалар. Бес томдық. Т.1,2. –Алматы: Жазушы,1983.
Ахтанов Т. Шығармалар. Бес томдық. Т.3,4.-Алматы:  Жазушы,1984.
Ахтанов Т. Шығармалар. Бес томдық. Ү том.-Алматы: Жазушы,1985;
Ахтанов Т. Буран: Роман / Пер.с каз. Г.Саталкина. –Алма-Ата: Жалын, 1987.-280с.
Ахтанов Т. Свет очага: Роман.-Алма-Ата: Жазушы, 1990.- 496с.
Ахтанов Т. Свет очага: Роман.-Алматы: Өлке,2003.-544б.
Ахтанов Т. Қаһарлы күндер: Роман.-Алматы: «Атамұра»,2003.-384б.
Ахтанов Т. Махаббат мұңы: Таңдамалы шығармалар.-Алматы: Раритет,2005.-288б. –«Алтын қор» кітапханасы.
Жұмабек С.Е. «Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы». Т.Ахтановтың шығармашылық жолы жайында. Роман-портрет.-Астана: «Күлтегін», 2003.-224б.
Г.Бірәлі. «Т.Ахтанов прозасындағы адамгершілік ізденістер». Зерттеу. –Алматы: «Арда»,2007.-160б.
 «Тахауи Ахтановтың көркемдік әлемі: прозасы мен драматургиясы»./ С.Құлбарақ. - Алматы: Экономика ЖШС,2013.-365б.
Ахтанов Т. «Арыстан жалды заңғар жазушы»:Т.Ахтанов туралы танымдық лебіздер мен мақалалар жинағы./Құраст. Оспан С. Мырзабай Б. Құлбарақ С.-Алматы: «Білім», 2013.-592б.