Тілепбергенов Жиенғали

 Тілепбергенов Жиенғали


1895 жылы Темір ауданында туған. 1918 жылы Уфадағы «Ғалия» медресесін тәмамдайды. Медреседе қазақ балалары 1915-1918 жылдар аралығында шығарған «Садақ» қолжазба журналының Бейімбет Майлиннен кейінгі редакторы болды. Ол Қонжар, Қандыағаш мектептерінің мұғалімі, Темір оқу бөлімінің инспекторы, Ақтөбедегі  «Кедей» газеті редакторының орынбасары, Петропавлдағы  «Бостандық туы» газетінің редакторы, Қызылорда ағарту институтының оқу-тәрбие жұмысын басқарушы, «Сыр бойы» газеті редакторының орынбасары, Алматы Қазақ мемлекеттік баспаханасы, Темірдегі «Социалистік майдан» газетінің редакторы болды. Әңгімелерімен бірге сатиралық суреттемелер, фельетондар жазды. «Таңбалылар» повесі,  «Перизат-Рамазан», «Тілші» пьесалары бар. «Перизат-Рамазан»  пьесасын Ақтөбе облыстық драма театры көпшілікке жазушының 100 жылдығы  тұсында қайта ұсынды.
          Тілепбергенов Ж. Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық./ Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ.- Алматы: Ан-Арыс, 2009.-402б.
Тілепбергенов Ж. Ізбасар. 1969; Тілепбергенов Ж. Таңбалылар: Повесть. 1995;
Тілепбергенов Ж. Перизат-Рамазан: Пьесалар. Повесть.- Астана: Елорда, 2002.-152б.
Тілепбергенов Ж. 1-том: Әңгімелер, фельетондар, мақалалар.-Алматы: Алаш, 2005.-280б.
Тілепбергенов Ж. 2-том: Повесть, пьесалар, әңгімелер.-Алматы: Алаш,2006.-256б.
Тілепбергенов Ж. Таңбалылар: Повестен үзінді. //Жәдігер.  Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы. /Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе, 2006.-90б.
«Жақсының келіні немесе Ж.Тілепбергенұлының ұрпақтары туралы сыр»/ Сағиталықызы З./Нұр-Дәулет газеті. 28.06.2002.-6б.