Иманғазина Бибігүл

Иманғазина Бибігүл

1942 жылы 24 желтоқсанда Ақтөбе облысының Шалқар қаласында дүниеге келген. Он жеті жасында мүгедек болып қалған ол өмірдің бар тауқыметін тарта жүріп «Тауқымет» атты күрделі шығармасын жазды. «Оқырманы көп автор» дипломына ие болған бұл шығарманың бірінші томы 1995 жылы жарық көрген.
1990 жылы бала тәрбиелеп отырған мүгедек аналардың республикалық «Бибі-Ана» қоғамын құрды. Бүгінде «Бибі-Ана» қоғамының президенті. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Иманғазина Б. Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық./Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ.-Алматы: Ан-Арыс, 2009.-187б.
Иманғазина Б. Тауқымет: Роман. –Алматы: Жазушы, 1993.-544б.
Иманғазина Б. Тауқымет: Роман. Повестер. - Алматы: Ан-Арыс, 2011.-328б.
Иманғазина Б. Невзгоды: Роман. – Алматы, «Ан-Арыс» 2011.-248с.
Иманғазина Б. Өмірбаян мен шығармасы // Жәдігер. Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы./ Ақтөбе-2006.-214б;
Иманғазина Б: Біздің айналамызда масыл адамдар болмайды.Сұхбат. /Ақтөбе газеті,1 ақпан 2007.-11б.
Кереева Қарлыға
(1931-2015)
 1931 жылы Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Жарқамыс орта мектебін бітіріп,Ақтөбе қаласындағы педагогикалық училищеге түседі. Білімін одан әрі жетілдіру мақсатында Н.Байғанин атындағы екі жылдық мұғалімдер институтына түсіп, оны 1952 жылы физика-математика мамандығы бойынша бітіріп шығады. Еңбек жолын аудандағы Комсомолдың ХХХ жылдығы атындағы орталау мектебінің мұғалімі болудан бастайды. 1953 жылы ауданның комсомол ұйымына жұмысқа ауысып, аудандық комитетінің екінші хатшысы, кейіннен бірінші хатшысы болады. 1959 жылы қызмет жасай жүріп, Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетін тәмамдайды. 1962-1964 ж.ж.Москва қаласындағы СОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінде оқып, оны партия құрылысы бөлімі бойынша бітіріп шығады. 1986 жылы республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық партия комитетінің хатшысы болып жұмыс жасаған.1976 жылы «Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің үздігі» атанған.


Баймағанбетова Қ./ Байғанин ауданы. Энциклопедия./ Бас ред. Кемешов Б.-Ақтөбе 2008.-111б.
Кереева Қ. Нан атасы-дән, балам: Повестер мен әңгіме.- Алматы: Жазушы,1984.-120 б.
Кереева Қ. Ат үстіндегі арпалыс: Естелік әңгімелер.-Ақтөбе,2001.-392б.