Мәселе Жаңабайұлы

Мәселе Жаңабайұлы
Ақын  1910 жылы Шалқар ауданында туған. Ауыл мектебінде сауат ашып, бастауыш білім алған. 30- жылдары комсомолға мүше болып кіріп, ауылдағы мәдени-ағарту ісіне белсене қатысқан. 1936-37 ж.ж. Шалқар аудандық газетінде қызмет атқарған.Жастайынан өлең шығаруға әуестеніп, берірек талантты ақын ретінде облыс көлемінде белгілі болды. Шығармалары республикалық, облыстық газеттерге жарияланып тұрды. 1939-40 ж.ж. өлеңдер жинағы баспадан шыққан. Өлеңдері кеңес үкіметінің қазақ даласында билік жүргізуіне, қазақ жастарының білімге, мәдениетке құштарлығы мен жаңа қоғам құрудағы еңбектеріне, фашистердің қанқұйлы басқыншылығын әшкерелеуге арналған. 1940-42 ж.ж. Кеңес жүйесінде істейді, әскерге алынғаннан хабарсыз кеткен.
Мәселе Жаңабайұлы: Өмірбаян // Шалқар энциклопедиясы /Бас ред. Тілешев Т. –Шалқар, 2009.-114 б.
Мәселе Жаңабайұлы: Өмірбаян //Ақтөбе энциклопедиясы /Бас ред. Тәжібаев М. - Ақтөбе: «Отандастар-Полиграфия» ЖШС, 2001.-413 б.