Әлима Қабылқызы

Әлима Қабылқызы

(1879-1897ж.ж.)
         Аяққұм өңірінде дүниеге келген. Әлима жайлы дерек өте аз. Әйелдің басында билігі жоқ заманда айтылған «Әлиманың әні» деген өлең Шалқар өңіріне түгел мәлім. Бұл –оның малға сатылғаннан кейінгі мұң шері.

Қабылқызы Ә: Шығармалары // Асыл қазына: Жинақ / Құраст.Ж.Асанов. - Ақтөбе, 2001.-143 б. 
Қабылқызы Ә: Өмірі мен шығармалары // Жәдігер: Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы / Ред.алқасы төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе, 2006.-60 б.
                
             *          *         *
Аққудай Әлима едім айдын көлде,
Торынан шыға алмаған мен бір пенде.
Тағдырым осылайша жазылған соң,
Көлімнен ұшып келіп қондым шөлге.
Ауылым қызыл жардың жағасында,
Дұшпанның қалып жүрмін табасына.
Тілекті қыз сұраған Құдай беріп,
Шалқардың барар ма екем қаласына,
Терсемші қызғалдақтай қыр қызылын,
Көрсемші жүректегі жыр қызығын.
Туған ел – «Тілеу -Қабақ» әлдилеумен,
Еркелеп, еркін өскен бір қызымын.
Біздің ел қайтушы еді Елек жайлап,
Қомынан жарылушы ед бота, тайлақ.
Шектінің найза ұстаған батырлары,
Жауына аттанатын «Бақтыбайлап»
Біздің  ел отырушы ед тепсең жайлап,
Тепсеңнен су шыққанша бие байлап.
Жол жүріп жаңа оралған сүйгеніне,
Сұлуы шай құятын көзі жайнап.