Қабақ Қаршығалы

Қабақ   Қаршығалы

         Ақын  ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазіргі Шалқар ауданында туып, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында сонда дүниеден озған. Кеңес үкіметінің орталық езгісін көзімен көрген  ақын жан төзгісіз жағдайды ішінде іркіп қалудың жөнін таппаған. Бұдан басқа Қаршығалының айтыстарының үзінділері ел ішінде сақталған.

Қабақ Қаршығалы.Өмірі мен өлеңдері //Асыл қазына: Жинақ / Құраст. Ж.Асанов. – Ақтөбе: Полиграф-услуги, 2001.-218 б.
Қабақ Қаршығалы. Өмірі мен өлеңдері // Адырна: Т.1 Ежелгі жыраулар / Құраст. Ж.Асанов.- Ақтөбе: «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, 2011.-296 б.

     *         *         *
Қыстауымды сұрасаң,
Мақпалдай майда құм  еді,
Жайлауымды сұрасаң,
Көлденең жатқан шың еді,
Баурынан аққан бұлақ бар,
Аяғында құрақ бар,
Мәкәлайдың тұсында
Әліде де қазақ тың еді.
Бәлшебек қылды-ау кәмпескі,
Мал мен бастан зекет деп,
Күн сайын алды спескі,
Керек емес жеке деп,
Ауданнан шыққан уәкіл,
Байды шапты төтелеп.
Сосын қылды тұжырым,
Жүргізді үкім –құзырын
Кәмөнес пен кемсамол
Белсендіге сайлады,
Ішінен алып бұзығын.
Сосын керек ет деді,
Ет бермеген қазақтың
Еңсесінен теп деді.
Әуелі алды жылқыны,
Құртты ғой ойын-күлкіні,
Жылқыдан алды айғырды,
Бұрын мұндай көрмеген,
Мәнісін ұқпай қайғырды.
Сосын алды түйені,
Аққа жақты күйені.
Түйеден алды бураны
Бұрынғы бұла халықым,
Түсінбей бұған тулады.
Сосын алды сиырды,
Бытыраңқы жұртымды
Бір шұқырға иірді.
Сиырдан алды бұқаны,
Әлсіретті жұқаны.
Артынан алды қашарды,
Сәпсім құртып жіберд нашарды.
Сосын алды ешкіні,
Осылай болды кескіні.
Ешкіден алды текені
Арам қылды некені.
Сосын алды қойымды,
Оныменен қоймады...
Қойдан алды қошқарды,
Елге салды жоспарды.
Адамсыған белсенді,
Аяғына келгенде
Ене...ді ұстап бос қалды.
Есепке салды үйімді,
Кетірді ғой күйімді.
Үйімнен алды түндігім
Төбемдегі күндігім.
Сосын алды туырлық,
Заманым кетті қуырылып
Сосын алды үзігім,
Онымен де қоймады
Бала-шаға, қатынның,
Суырып алды жүзігін.
Сосын алды шаңырақ,
Қонысым қалды қаңырап
Ақырына келгенде
Бір-бірінен қазақ айрылды,
Шулаған қойдай маңырап.