Нұрпейіс Байғанин

Нұрпейіс Байғанин

1860 жылы Темір уезінде туған. 16-17 жастар шамасында Нұрпейіске «бала жыршы» деген атақ ерді. Айтысқа түсті. Жыршылық жолын қуып сол кездегі Орал-Атырау өлкелеріндегі белгілі ақын-жыраулармен танысты. Олардан батырлық жырларын үйренді. Кеңес өкіметінің  алғашқы жылдарынан бастап отызыншы жылдардың екінші жартысына дейін түрлі кеңес қызметтерін атқарды.
1939 жылы Алматыдағы Жамбылдың мерейтойына, Қазақстан кеңес жазушыларының  ІІ сьезіне қатысты. Сол жылы ақынға «Қазақ ССР-ның өнерге еңбек сіңірген қайраткері» атағы беріліп, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Грамотасымен наградталды. 1940 жылы Мәскеуде оған «Құрмет белгісі» ордені тапсырылды.



Байғанин Н. Өмірбаян // Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 10 томдық. Т.2./Бас ред. Ә.Нысанбаев.- Алматы,1999.-51 б.
Байғанин Н. Өмірбаян // Темір. Энциклопедия / Жауапты шығ. Әділханұлы М.-Ақтөбе: А-Полиграфия, 2010.-206 б.
Байғанин Н: Өрістеген өмір. 1939ж. 
«Ақын шабыты» 1940ж;    Таңдамалы шығармалары 1945ж.
Избранные произведения. 1945ж;  Шығармалар жинағы. 1945.
Байғанин Н. Нарқыз: Дастандар мен өлеңдер // Құраст. І.Мәмбетов. - Алматы: Жазушы,  1974.-352 б.
Байғанин Н. Таңдамалы: өлең,  дастан, толғаулар /Құраст. Нұрмағамбетова О. -Алматы: Жазушы, 1991.-400 б.
Байғанин Н. Естеліктер. Таңдамалы шығармалар / Құраст. Ж.Асанов.- Алматы: Арыс, 2006.-312 б.
Байғанин Н. Нарқыз: Дастандар: [Орыс –қазақ тілдерінде] // Безендіруші Е.Сидоркин, -2008.-172 б.
Байғанин Н.  Шығармалар жинағы. Т.1.2. том.- Алматы: Қазығұрт. -2011.-320 б. Байғанин Н. Шығармалар жинағы. Т.3.- Алматы: Қазығұрт, 2012.-344б.
Байғанин Н. Өмірі мен шығармалары  //Жәдігер: Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы / Ред.алқасы төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе, 2006.- 86 б.
Құрманбеков Б. Нұрлы жүзді Нұрпейіс.- Ақтөбе, 2009.-112 б.
Байғанин Н. Өмірі мен шығармасы // Екімыңжылдық дала жыры /Бас редактор Ә.Нысанбаев.-«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2000.-271б.
Бәйтеректің жас шағы: [Ақын Н.Байғаниннің өмірінен] // Жармағамбетов Т. Ақ жауын: Повестер. -Алматы: Жазушы, 1984.-184-271 б.

                                                   Еңбек туралы жыр
Көмейден құйылады жырдың басы,
Өлеңнің тасығандай дариясы.
Күй тартсам, ән шырқасам ширай берем,
Сұңқардай қияға ұшқан кең құлашы.
Екі елі Нұрпейістен қалыспайды
Қосылып дүмбірлеген домбырасы.
Жырында Нұрпейістің жаңалық бар,
Зейінмен құлақ салып, ал, тыңдашы.
Өлең-жыр, ән менен күй бұ да еңбек,
Шығарған еріккеннен емес ермек.
Адамның ақыл-ойы, қол күшіне
Сай болып дүниеде  не тең келмек?
Қызықты тұрмысыңды етем десең,
Аянбай істе қызмет маңдай терлеп.
Елімде қол қусырып бекер қарап,
Отырған кемпір, шал жоқ үйде меңдеп,
Жастықта еңбек ету қандай қызық,
Қуаныш билемей ме бойды кернеп?
Мен дағы өлең-еңбек деп түсініп
Маржандай сөзді тердім, ойды тербеп.
Еңбекпен абыройың арта берсін,
Жұмысқа қолдарыңды тигіз дендеп.
«Кім?» десе  стахановшы өндірісте?
Тамаша, қандай жақсы тұрсаң – «мен!» деп.
Станок, құралыңыз жалтылдасын,
Өзіңе мін болады тұрса кірлеп.
Жалқаулық, бойкүйездік жанның қасы,
Еңбек ет ықыласпен құлаш сермеп.
Жалқаулар жатып ішер арамтамақ,
Ондайлар болыпты ғой елге салмақ,
Жарымай ішер асқа, азып-тозып,
Өзінің қатарынан кейін қалмақ.
Борышын ел алдында өтемесе
Жұрт алған абыройды қайдан алмақ?
Жұмысқа әлдеқалай қолы тисе,
Кеш келіп, мезгіл бұрын кетіп қалмақ.
Еңбекте, адалдықта бақыт, ырыс,
Қоғамға сыйыспайды делбе жүріс.
Еңбекке жалқауларды шақырамын,
Өмірге еңбекпенен келген дұрыс.
Отанға тартуыңды лайықтап,
Беруге жан аямай істе жұмыс.
Әркім-ақ еңбегімен бағаланад,
Сондықтан еңбек ету –күшті борыш.