Итеғұлова Сая

Итеғұлова Сая

Шалқар қаласында 1975 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын үздік дипломмен тәмамдаған.
ҚР Президенті атындағы стипендияның иегері. Филология ғылымдарының кандидаты (2002). 2002-2006 ж.ж. Ақтөбедегі «Дүние» университеті сырттай оқу бөлімінің деканы. 2006 ж.осы университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды. Көптеген ғылыми мақалалардың, «Сезім елестері», «Қазақ мифологиялық эпосы» атты еңбектердің, әдістемелік құралдардың авторы.
Итеғұлова С: Өмірбаян // Шалқар энциклопедиясы / Бас ред.Тілешов Т.- Шалқар, 2009.-129 б.
Итеғұлова С. Сезім елестері: Өлеңдер. -Ақтөбе, 1999.-173 б.
Итеғұлова С. Өлеңдер: Сағыныш; Заңдылық; Махаббат //Ақтөбе.- 1993.-5б.- 4 желтоқсан.
 Ниянқұлов С: «Өлеңді жанына серік еткен...»: [С.Итеғұлова –Президент сыйлығының иегері] //  Ақтөбе.- 1995.- 8 наурыз.
Итеғұлова С. Әйел: Өлең. // Ақтөбе. -2003.-6 наурыз.
Итеғұлова С. Ұлттық діл мен қасиет. //Ақиқат.-2009.-№3.-62-64 б.

                                                             *          *          *
Әр адамның өмір жолы ойласақ,
Қызық толы жазылмаған шежіре.
Әр адамның  өткеніне бойласаң.
Оқиғаға  қаласың сан кезіге.

Әр адамның өмір жолы әр қилы,
Онда жатыр көрген мұңы, жапасы.
Әр адамның көңіл жолы әр қилы
Жасырады бірі тығып қапасын.

Әр адамның мінез –құлқы әр бөлек,
Көңілдерді ұға алмасаң, сол қауіп.
Әр қатпары ашылады, әр бөлек
Жүрегіне кіре білсең жол тауып.

Әр адамның алар орнын салмақтап
Әр адамның беру үшін бағасын.
Әр адамның жеке-жеке көңілін
Сол адамның өзі болып қағасың.