Реймов Қуандық

Реймов Қуандық

1988 жылы 20- шілдеде Әйтеке би ауданы, Көрпе ауылында туған. 2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерейтойына, Ә.Молдағұлованың 80 жылдығына, Хромтау ауданының 70 жылдығына арналған «Қазақстан –Гүлстан-Ғажапстан» атты фестивальде «Ең үздік ақын» номинациясымен марапатталды. 2006-2010ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін бітірді. 2007 жылы облыстық Мұқағали оқуынан 3-орын, 2011 жылы «Рәміздерім -мақтанышым» сайысында І-орынды иеленді. Өлеңдері «Туған ел үшін әрдайым, жауқазын жырды арнаймын», «Аңсау», «Темірқанат», «Жас толқын жырлары» жинақтарына енген.
Қ.Реймов.Өмірбаян мен өлеңдер // Шұғыла: Жас ақындар жинағы. -Ақтөбе, 2012.-46 б.
Қ.Реймов.Өмірбаян мен өлеңдері // Темірқанат: Ақтөбе облысының жас суретшілері мен  ақындары.-Ақтөбе: «Ақжар-АБК»-2005.
                                         Үмітім менің
Сезімге сендік құнықтым-дағы,
Ие бола алмай құлып мұңға әлі.
Тынымсыз жүрек тулайды келіп
Мендегі сенде үміттің бәрі.
Қырқадан шықса күн күліп маған,
Батады кеште қызарып барып.
Мазасыз жүрек мұңды ұлықтаған
Қалады үнсіз мұз анық қарып.
 Жатамын түнде аспанға қарап,
Көзің деп сенің ұғамын-дағы.
Құс жолын ұзақ дастанға балап,
Жұлдыздар сырға құлағыңдағы.
Секілді тек түн сырласа-тұғын,
Жүректің тілін түсінетіндей.
Білсеңші мені мұң басатынын
Кетсең де тіпті түсіме кірмей.
Жете алмай саған қиналам ба әлі,
Күтуден шарашап жолды да алдан.
Мыйымды қайтем сыймаған қаны
Көру де сені болды ма арман?