Сенбай Төлегенұлы

Сенбай Төлегенұлы

(1892-1941)
Сенбай Төлегенұлы. Өлеңдер //Асыл қазына: Жинақ / Құраст. Ж.Асанов.- Ақтөбе: «Полиграф-услуги», 2001.-228 б.

1931-1933 жылдардағы аштыққа
байланысты айтқаны
Түрі қалай болып барад заманның,
Күн-күн санап үрейі ұшты адамның,
Байды құртып, «тимейді» деп еді кедейге,
Сорлы кедей тонын кидің «ағаның».
Екі-үш қара малың болса қолыңда,
Жоспар түсіп «ілгеріге» саналдың.
Сауар сауын, мінер аттан ада боп,
Білмей қалдың, қайда қаңғып барарың.
Үкіметке екеу болса біреуі,
Жалғыз атты билігін де бермейді,
Сойсаң арық, татымайтын жілігі,
Көрсе көзі оныдағы «бер» дейді.
Малдан басқа күн көрістің көзі жоқ,
Халық енді қалай аштан өлмейді?
Белсендіні мінгізді атқа еліртіп,
Шаруасын құртты жұрттың кемітіп.
«Кедейдікі бұл үкімет» деп еді,
Көпшілікті қойды-ау жасын төгілтіп.
Тіл кессе де мұны айтуға хақым бар,
Қарын ашса кіреді екен ақылдар.
Ерінуші ең ерте сиыр саууға
Тілек болды түске дейін жатыңдар,
Сол жатқаннан жата берсең қаперсіз,
Ажалың да қашық кетпей жақындар.