Мәмбетов Ізтай

Мәмбетов Ізтай

(1929-1974)
1929 жылы 1 қаңтарда  Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Табантал ауылында туған. 1953 жылы ҚазМу-ді бітірген. «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакцияларында, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясында қызмет істеген. Ақынның бірқатар шығармалары туысқан халықтар тіліне тәржімаланған. Лермонтов, Пушкин, Байрон, Блок, Брюсов, т.б. жырларын қазақ тілін аударған.          


Мәмбетов І: Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық / Құраст.Қамшыгер С., Жұмашева Қ. –Алматы:  Ан-Арыс.-2009.-264 б.         
Мәмбетов І. Тұңғыш: Өлеңдер.-Алматы: ҚМКӘБ., 1955.-112 б.
Мәмбетов І. Сыр.Өлеңдер жинағы. -Алматы: ҚМКӘБ., 1956.-28 б.
Мәмбетов І. Табантал: Өлеңдер. 1961.
Мәмбетов І.  Жол ұзақ: Өлеңдер мен поэмалар –Алматы: Жазушы, 1966.-216 б.
Мәмбетов І. Сал сары: Поэмалар-Алматы: Жазушы, 1970.-80 б.
Мәмбетов І.  Тарланбоз: Таңдамалы- Алматы: Жазушы,1973-208 б.
Мәмбетов І. Жылы жел: Өлеңдер. -Алматы; Жазушы, 1974.
Мәмбетов І. Ақпан: Таңдамалы. –Алматы: Жазушы,1983.-360 б.
Мәмбетов І: Өмірбаян мен өлеңдері // Екімыңжылдық дала жыры. Өлеңдер жинағы /Бас редактор Ә.Нысанбаев.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2000.-456 б.
Мәмбетов І: Өмірбаян мен өлеңдері // Жәдігер: Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы / Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе -2006.-133 б.
Мәмбетов І. Өмірбаян мен өлеңдері // Жиырмасыншы ғасыр жырлайды: Қазақ поэзиясының антологиясы./ Құраст.С.Абдрахманов.Т.1.-Алматы: Раритет, 2007.-309 б.-«Алтын қор»  кітапханасы.
Ізтай Мәмбетов: Өлеңдер. // Ақтөбе кітапханасы сериясы. 10-том.-Ақтөбе: «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, 2011;
Мәмбетова А: «Тетелес өскен бауырым еді...» [Ақынның бауырымен сұхбат]. // Ақтөбе. -2009. - 24б. -12ақпан.
Ашықбаев Е: «Біздің боранның баянгері». [Мәмбетов туралы мақала] / -Ақтөбе .- 2014.-23 қаңтар.
                                                          *        *        *
                                           Мен туыппын ақпандатқан боранда,
                                           Кім біледі, бәлкім, әлде содан ба,
                                           Ала құйын мінезім бар ашулы,
                                           Қапелімде басылам ба, болам ба?!

                                            Өстім еркін ақ боранмен алысып,
                                            Балалығым беттеріне қар ысып.
                                            Асау тайды алғаш ұстап мінгенде-ақ,
                                            Асау желмен кете бердім жарысып.

                                            Сол бетіммен өміріңе еніп ем,
                                            Тыныштығың бұзылды бір менімен.
                                             Күшті еді ғой мендегі зор махаббат,
                                             Қуат алдың өзің соның лебінен.

                                             Сүйе алмадың кей ашуды кешіре,
                                             Қоштас күліп, қамығасың несіне.
                                             Бұрқ-сарқ еткен ақ боранды күн  болса,
                                             Алғайсың тек сонда мені есіңе.


                Ізім қалсын
Ақтөбе-ау, айналайын, сөзді ұғарсың,
Өзімдей ыстық жүрек, қызу қансың:
Сағынып кеттім –дағы,
Жеттім тағы,
Тағы да топырағыңда ізім қалсын.
Өзіңнен өрен жайған балаң едім,
Сен жақсы жолдасымдай санама ендің.
Әр үйің, әр орамың болды таныс,
Жолымды көз жұмсам да таба бердім.
Жылдардың әлдиіне өсе бердім,
Көк өндір ағашындай көшелердің.
Сезбеппін –
Сонда сен де бірге өсіпсің
Қуатты қолдарымен не шебердің.
Мен мұны бұрын емес, бүгін білдім,
Көркіңе иілдірдің, сүйіндірдің.
Сәт сайын жолықтырып бір жаңалық,
Танытпай талай жерді, үңілдірдің.
Баяғы зілмәңкелер құлатылған,
Бой түзеп биік үйлер мына тұрған.
Айнадай асфальт жатыр алды-артымда,
Көшіпті «бауырмал саз, құм антұрған».
Бітпесін санап бүкіл жаңалықты,
Болыпсың дәуірге сай қала мықты.
Кетіпті  жас шалғындай өмір басып
Жолдарын жүрген кеше балалықтың.
Ақтөбе, ыстық ұям, сөзді ұғарсың,
Өзімдей отты жүрек, қызу қансың,
Тағы да аралайын алшаң басып,
Тағы да топырағыңда ізім қалсын.