Асанов Жұбаназар
1951 жылы Шалқар ауданының Қопасор елді-мекенінде дүниеге
келген. 1967 жылы Шалқар қаласындағы қазақ орта мектебін бітірген. Ақтөбе
мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика, қазақ филологиясы
факультеттерін тәмамдаған. 1980-84 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясында,
1984-90 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ғылыми
қызметкер, аға ғылыми қызметкер болды. 2002 жылы филология ғылымдарының
кандидаты дәрежесіне «Ырғыз, Шалқар өңірі ақындарының мұрасы» тақырыбымен
диссертация қорғады. 1999-2004ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік
университетінде, 2004 жылдан бастап Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық
институтында аға оқытушы, доцент, қазақ әдебиеті кафедрасының, Аймақтық
әдебиеттану зертханасының меңгерушісі т.б. қызметтер атқарып келеді. 100-ден
астам ғылыми еңбектің авторы. Көркем шығармалары, драматург А.Өтәлиевпен
бірігіп жазған «Мөңке би» атты екі бөлімді трагедиясы «Жұлдыз» журналында
жарияланды.
Асанов Ж. Өмірбаян // Шалқар энциклопедиясы./ Бас ред.Тілешов Т.- Шалқар ,
2009.-43б.
Асанов Ж. Шекті Мөңке би Тілеуұлы: Зерттеу.-Астана: Елорда, 2001;
Асанов Ж. Әзберген Мұңайтпасұлы. –Ақтөбе, 2005;
Асанов Ж. Асыл қазына: ХІХ ғасыр ақындары жинағы.-Ақтөбе, 2001;
Асанов Ж. Нұрпейіс Байғанин: Естеліктер. Таңдамалы шығармалар.-Алматы: Арыс,
2005;
Асанов Ж. Шал мен жігіт: Әңгіме. // Жәдігер. Ақтөбе өңірінің әдеби
антологиясы./Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е. –Ақтөбе, 2006.-312б.