Жеткірбай Ақниет

Жеткірбай Ақниет

             Түйіндеме

Білмеймін мен не істеп жүргенімді, 
Шимай алып жазайын естелігімді.
Жырға толған қағаздар қоқыста көп,
Ойламау да керек мүмкін ескі күнімді.

Жалғыздыққа жалмауыз жатқым келеді, 
Түсініксіз оның да несі керегі.
Бәлкім, сіра адасып бара жатырмын, 
Күрсініпте аламын кей кездері.

Жүрегім шаһар...
Осылай меніңде таңым да атар, 
Жалынды құшып жақын жеріме.
Құлдыраңдап тұрады қатар-қатар.

Тізіп тұрып тіледім халімді мүшкіл, 
Қарсы тұратын жайым болмады.
Зәр-заһарын көрсеткен суыққа үскір, 
Соққандарға соққы беріп үйренгенмін.

Хикаяттары жанымның менің құсалы,
Зәру де емеспін.
Өзгеге ашық құшағы,
Өкініш өбіп бетіңді,
Тағдырым менің тосады.
Жалғызда болайын,
Аллама ғана сенемін, 
Бәрібір мені қосады.
Түсінбеді дейсің бе?
Осыма дедің осалы.
Бұрындары.
Жүрегім оттай жанатын,
Бәрі де құлдырады.
Мен бәрін түсінгендеймін...