Алшын Әймен

Алшын Әймен  XIX ғ.

                  Оңашыбай мен Әймен //Айтыс. Т.1 / Жауапты шығ. Алманов Ә.- Алматы: Жазушы, 1988.-216 б.
Алшын Әймен: Әймен мен Оңашыбай айтысы //   Асыл қазына: Жинақ /  Құраст. Асанов Ж.- Ақтөбе, 2001.-170 б.  
                    Әймен мен Оңашыбай
                               (үзінді)
Оңашыбай:
                     ...Оңашыбай сен білмейсің менің атым,
Басынбас қыздар түгіл, әуел қатын.
Секілді ылау мінген қара қалмақ,
Үйреткен асау қызды біздің тақым.
Әймен:
Керейде кісі қайда жөн білетін,
Сірә де жөнің жоқ ед сен күлетін.
Керейді пәтуасыз деп естуші едім,
Дауына лақты ешкі жүгінетін.
Оңашыбай:
Қор болар айта берсем сөзім саған,
Бар қызын Қаратайдың бодам алған.
Тегінде ұрғашылық қылма, жаным,
                     Ойласаң жалғыз ағаң қайда қалған.
Әймен:
                     Болғанда сіздер керей, біздер найман,
Талқан боп біздің елге керей барған.
Сол кезде Әбдікәрім аға болыс,
Қорғалап біздің елде жаны қалған.
Оңашыбай:
Бұл шіркін ел тергейді қашып келіп,
Құрғаны қыз да болса шежірелік.
Найманды жеті болыс құртқан мұндар,
Көзіңді келмес жерге өткізелік.
Әймен:
Қашқын деп мін көресің бір басыңды,
Салған соң құдай басқа сыр ашылды.
Шайқалған ақ жұмыртқа қайран басым,
Күміспен теңгере ме қорғасынды.
Оңашыбай:
Ойласам қыз күніңнен кеткен арың,
Сөзімді ызалықпен қор қыламын,
Ағалар «сөйледі» деп ғайып етпе,
Сөзіңе шыдамадым, ей, қарағым.
Әймен:
Кетпейтін сүйегіме болды таңба,
Жолықтым бір делбеге амал бар ма?
Әншейін қызыл тілмен болдым құрдас,
Сен түгіл қолымды артпан қара нарға.
Шайқаған ақ жұмыртқа қайран басым,
Керейде қосақталдым тірі жанға.
Сөз қайда, өлең қайда өз жерімдей,
Кез болдым қоныс ауып қаңғырғанға,
Жаман достан зерек дұшпан артық,
Шерімді тарқатайын біраз ғана.
Жүйріксің жас та болса көпті көрген,
Еркектің ұрғашысыз күні бар ма?
Мен естідім керейден неше сөзді,
Ырым жоқ кісі мінер біздің заңда.
Қасқырдай екі көзің болған тіп –тік,
Басында деп ойладым құтырған ба?
Бәйгеде көтермесе ат келмейді,
Кім жүйрік, Аллаң білсін, сынағанда.
Оңашыбай:
Рұқсат, мен қояйын бердім саған,
Дедің ғой тапал қара домаланған.
Бір сөзін бұрынғының естімеп пе ең,
Құр қалған бойға сеніп түйе жылдан,
Қарағай, самырсыннан еш пайда жоқ,
Шығады қамшыға сап тобылғыдан.
Мен-дағы ұзын бойды жек көрмеуші ем,
Ісіме амалым жоқ тағдыр қылған.
Ноқтамнан ілдірмейтін жүйрік едім,
Ақырда сөз естідім қара сұрдан.
                                                
                                      Арыстан жырау
Арыстан жырау ХІХ ғасырдың 2- жартысы мен ХХ ғасырдың басында Шалқар өңірінде өмір сүрген жырау, әнші. Тегі Шекті, Қабақтың Жарас аталығынан. Атақты Қазанғап күйшімен аралас –құраласта болған. Әлима Қабылқызының аянышты тағдырына арналған «Әлиманың әні», жалғыз қызына арналған «Айналайын,Жұмажан» әндері мен Бөгенбай Қаршыға жыраумен айтысы секілді тағы басқа бірқатар шығармалары қағазға түсіп, баспа бетін көрген. Ел аузында басқа да шығармалары сақталған. Шығармалары бүгінгі күнге негізінен Құдабай жырау, Қалесет әншілер арқылы жетті.

Арыстан Рахметұлы.Өмірбаян // Шалқар энциклопедиясы / Бас ред. Т.Тілешев.- Шалқар, 2009.-337б.