Ақын, жыршы -1896 жылы Темір
ауданы Ленин кеңшары, Кейкібас жерінде туған. Жасынан ауыл молдасынан дәріс
алып, келе-келе ірі тұлғалармен серіктес болып, орыс, араб тілдерін жетік
меңгерген. Жыраулық қасиеті талантты нағашысы жырау Сәдуақастан дарыған.
Мырзалы елге аты шыққан суырып салма ақын, талантты әнші, жыршы болған. Тіпті
кейбір жырларды домбырасыз да айтатын кездері болған. Жыршы «Қобыланды батыр» жырының ерекше нұсқасын жырлаған. Ақынның
өз қолымен жасаған ашылып-жабылатын домбырасы болған. Елді-мекендерді
аралағанда домбырасын екі бүктеп қанжығасына байлап алып жүрген. Ақтөбе қаласы
ғана емес, Москва, Қарақалпақ жерлерінде де өнер көрсеткен.
Мырзалы Жұбаниязов: Өмірбаян // Темір энциклопедиясы / Жауапты шығарушы
Әділханұлы М.-Ақтөбе: «А-Полиграфия», 2010.-282
б.