Оралбай
Әмір
1959
жылы Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Аманөткел ауылында дүниеге келді. 1981
жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
Ақтөбе облысы Октябрь аудандық «Октябрь туы»- «Знамя Октября» газетінде бөлім
меңгерушісі, бас редактор, республикалық «Лениншіл жас» газетінде меншікті
тілші, «Егемен Қазақстан» газетінің
Ақтөбе облысы бойынша тілшісі, «Нұр-Астана» газетінің меншікті тілшісі болды.
Қазақстан Журналистика одағы сыйлығының лауреаты.
Оралбай Ә. Әлия: Деректі повесть.-Алматы: Ер-Дәулет
–Қазақстан. 1994.-154б.
Оралбай Ә. Құдайберген Жұбанов. Деректі ғұмырнама кітабы.
2000.
Оралбай Ә. Шүмектен су қайта ақты. Әңгіме //
Жәдігер. Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы./ Ред.алқасының
төрағасы Сағындықов Е.-Ақтөбе- 2006.-342б.
Оралбай Ә: Ақтөбе-ақындардың астанасы. –Ақтөбе
газеті.-1992.-7 тамыз.