Төлепбайұлы Тынымбай
1941 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының Жарқамыс
ауылында туған. 1965 жылы Жамбыл қаласындағы технологиялық институтты бітірген.
Әр жылдарда «Арман қанатында» атты жас жазушылардың жинағына, республикалық
көркем-әдеби басылымдарға шығармалары жарияланып тұрды. «Кішкентай бригадир»
хикаяты, «Өмір сыры», «Қанағат» әңгімелер жинақтары мен «Шырғалаң» романының
авторы. Байғанин ауданының Құрметті азаматы.
Төлепбайұлы Т. Қанағат: Хикаят, әңгімелер, новелла.-
Астана: Фолиант,2016-240б.