АҚЫН ЖЫРЫ - ЖҮРЕК СЫРЫ

      Өлкетану әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, Сәбит Баймолдиннің туғанына 80 жыл толуына орай «Ақын жыры - жүрек сыры» атты жыр кеші өткізілді.
Кештің алғы сөзі «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Сағызбайұлына берілді.
    Белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты «Үш таған» журналының бас редакторы Е.Ашықбаев Сәбит ақынның кітаптары туралы айта кетті. Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы А.Абдуллина ақынның шығармашылығына талдау жасап, туған жер, табиғат, өлке тынысын насихаттау бағытында шығарылған өлең-жырларына ерекше тоқталды. Ақынның қызы Ләззат Баймолдина шуаққа, сағынышқа толы естеліктермен бөлісті, кеште ақынның көптеген жырларын «Тарлан» колледжінің студенттері мен №37, №49 ЖББОМ оқушылары жатқа оқыды. Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Н.Демешова ақынның шығармашылығын насихаттау барысында облыс көлемінде 400-ден астам көпшілік іс-шаралар өткізілетінін хабарлады.
        Жыр кешіне жыр сүйер қауым, ЖББОМ-ң кітапханашылары және кітапхана оқырмандары қатысып, «Ақтөбе», «РИКА» телеарналары сюжет жасады.




«Өмірі өлеңмен нұрланған» атты кітап көрмесі 
  


  

Сәбит Баймолдиннің туғанына 80 жыл толуына орай өткізілген жыр кешінен үзінді бейнеролик