Құдабай жырау
(1898-1973)
Шалқар ауданы Есет
Көтібарұлы селолық округіне қарасты Аяққұм өңірінде туып, өскен. Құдабай суырып
салма ақындығымен бірге ел ішінде жырау ретінде аты қалды. Ол «Едіге»,
«Орақ-Мамай» қиссаларын жырлаумен бірге «Кердері Әбубәкірдің ноғай молдасымен
айтысы» деген көлемді толғауды да артына мұра етіп қалдырды. Мақамы ноғайлы
елінің сарынына ұқсас келеді. Оның толғаулары жазылған үнтаспа сақтаулы.
Құдабай жырау: Өмірбаян // Шалқар энциклопедиясы /Бас
ред. Т.Тілешев.- Шалқар,2009.-167 б.