Аманжолов Нұркен

Аманжолов Нұркен


1989 жылы 11-қаңтарда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Коминтерн  селосында дүниеге келген. 2006-2010 жж. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім алған. 2009 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» жастар фестивалінде алғыс хатпен марапатталды. 2010 жылдан бастап Ырғыз ауданы Жарма елді мекенінде Нарқызыл негізгі мектебінің мұғалімі.
Аманжолов Н: Өмірбаян мен өлеңдер // Шұғыла: Жас ақындар жинағы.-Ақтөбе, 2012.-50 б.

             Он оқитын қыз
Кеше мен бір сұлу қызға жолықтым,
Жарым ба осы, бұл өмірден іздеген.
Сезімге де ерлік керек.
Соны ұқтым.
Сөз байластым он оқитын қызбенен.
Жалғыз бақта жүруші едім жабырқау,
Келді ме шын махаббатым күзбенен
Оңай емес...
Қиын да емес секілді...
Сөз байласу он оқитын қызбенен.
Ол ауылда.
Мен қалада –қашықпыз,
Телефонмен сөйлесеміз жай ғана.
Жүзімізді бір көруге асықпыз,
Арман, үміт –жүректерде ой ғана.
Осылайша жүрген едік  әдемі,
Бірімізге біріміз шын сенген боп.
Тұрақсыз-ау телефонның әлемі,
Хабарлассам...
Тұрады әркез сөнген боп.
Жолым болмай махаббаттан тағы да,
Бекер болды бөлек кеттік біз деген.
Қонбас құсым екен менің бағыма,
Айырылыстым он оқитын қызбенен.