Омар Байдәулетов

Омар Байдәулетов
Суырып салма жыршы, жырау, 1907 жылы Ырғыз ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1936 жылы Алматы қаласында   Жамбыл Жабаев бастаған ақын, жырауларға арналған халық өнерпаздарының республикалық слетіне қатысып, жыршылық өнерімен көзге түсіп, Мақтау грамотасы мен сыйлыққа ие болған. Соғыстан кейін де халықты аралап, жырларды жатқа айтып, халықтың көңіл-күйін көтеріп отырған. «Орақ-Мамай», «Қарасай Қази», «Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Сегіз сері», «Бекбауыл» т.б. жырларды шебер орындайтын болған.
 Омар Байдәулетов. Өмірбаян // Ырғыз энциклопедиясы / Бас ред. Әттиев М.- Алматы: «Дала» ЖШС, 2010.-117 б.