Қазтуған жырау

Қазтуған жырау                                 

            Қазақ әдебиетінің  көрнекті тұлғаларының бірі Қазтуған жырау Сүйінішұлы Еділ бойында, қазіргі Астрахань облысының Красный Яр қаласының маңында туған. Көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан Қазтуған Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының ру басы көсемі, әскербасы батыры болған. Ноғай Ордасындағы  ХҮІІ ғасырдың ұзына бойына созылған қиын кезеңде жырау қазіргі Қазақстан жеріне өтеді. Оның толғаулары кейінгі Ақпан, Ақтан шығармашылығына үлгі болған.
Қазтуған жырау: Өмірі мен шығармасы // Бес ғасыр жырлайды: Т.1. / Құраст . М.Мағауин. М.Байділдаев.- Алматы: Жазушы, 1984.-27б;   1989.-30б.
Қазтуған жырау: Өмірі мен шығармасы //Екімыңжылдық дала жыры / Бас редактор Ә.Нысанбаев.- Қазақ энциклопедиясы, 2000.-120 б.
Қазтуған жырау:Өмірі мен шығармасы // Жеті ғасыр жырлайды: Т.1./Құраст. Е.Дүйсенбайұлы.-Алматы: Жазушы,  2004.-18 б.
Қазтуған жырау: Өмірбаян // Ойыл. Энциклопедия / С.Бақтыгерейұлы.-Астана: «Фолиант», 2009.-14б.
Қазтуған жырау: Өмірі мен шығармасы // Адырна: Т1. Ежелгі жыраулар / Құраст. Ж.Асанов. – Ақтөбе:«Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, 2011.-15 б.

                                             Қазтуғанның қонысымен қоштасуы           
                                                                      (үзінді)
Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай,
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім
Аузы түкті кәпірдің
Күшті болған салдары-ай!
Кәпірден теңдік алуға
Қайта келер деймісің
Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған хандары-ай?!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Атаңа нәлет кәпірдің
Пайдасына қалмаса игі еді
Ноғайлы, қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай!