Байжомартов Үкітай

Байжомартов Үкітай
1931 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1938-47 жылдары әйгілі «Мамания»  орта мектебінде оқыған. 1955 жылы  Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін үздік бітірді. 1955-1982 жылдары Талдықорған, Алматы, Ақтөбе облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы қызметтерінде болады. 1963-83 жылдары партиялық-мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Ақтөбе облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1983-1985 жылдары Ақтөбе облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы қызметінде болған. 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтына оқытушылық қызметке ауысты. Аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды.
Ғылымдағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен 2 мәрте марапатталған. «Тас балқып, ағаш батқан күндердің азабы немесе   екі басты бүркіт  бейнеленген  түйме хикаясы» атты  кітабы үшін облыс әкімі сыйлығының лауреаты атанды.



Байжомартов Ү. Екі басты бүркіт бейнеленген түйме хикаясы: Повесть.- Алматы: «Жібек жолы».-2012.-422б.

Байжомартов Ү. Өмірім мен өткелдерім: роман-эссе,хикаят.- Алматы: «Толғанай Т».-2013.-352б.

Байжомартов Ү. Тас балқып, ағаш батқан күндердің хикаясы немесе екі басты бүркіт бейнеленген түйме хикаясы: роман-эссе, хикаят.- Алматы: «Толғанай Т».-2013.-352б.