Ақбаев Нұрлан

Ақбаев Нұрлан

1991 жылы 23 қазанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылында дүниеге келген. Бүгінде Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінің тәмамдады.
Ақбаев Н: Өмірбаян мен өлеңдер // Шұғыла: Жас ақындар жинағы. -Ақтөбе, 2012.-75 б.



                             Сүйдім мөлдір көзіңді
Ғашық болып сүйдім, сәулем,
Сүйдім мөлдір көзіңді.
Жүрек шіркін дамылдамай,
Шын қалады өзіңді.
Өзгелерден артық көрдім,
Сендегі бар сезімді.
Қайғы, мұңға бірдей көндім,
Жан жүрегім езілді.
Құшағыңда жылу көрдім,
Жарық күннің нұрынан.
Жүрегімді саған бердім,
«Айықсын» деп мұңынан.
Жидым саған қыр гүлдерін,
Сағымдармен алысып...
Тынығуды мен білмедім,
Көкте құспен жарысып...
Махаббаттың отын жақтым,
Бөленсін деп ләззатқа.
Неге маған кінә тақтың,
Неге салдың азапқа?
Махаббаттың сырын ашып,
Біле алмадым ұғынып.
Сен кетсең де алыс,
қашық,
Қарай берем бұрылып...


Балалық шақ
Балалық шақ – менің асқар тауымдай,
Себелеген күзгі мөлдір жауындай.
Самал желмен тербететін әрдайым,
Талшыбықтар менің балғын шағымдай.

Балғын дәурен –балбыраған шағымыз,
Тәтті сезім албыраған жанымыз.
Көзден аққан тамшыларға қарамай,
Алаулаған жүректегі қанымыз.

Бозбала шақ –махаббаттың мекені,
Өткен күндер соны баян етеді.
Қыз- жігіт боп сезімдерге бөленген,
Күндер ыстық өтіп кеткен кешегі.

Балалық шақ өткен күннің көшінде,
Сол шақтарды жасырайын несіне?
Жалындаған жастық күннің шуағы,
Әрбір жанның тұрсын әркез есінде.


                               А м а н ж о л о в  Н ұ р к е н

1989 жылы 11-қаңтарда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Коминтерн  селосында дүниеге келген. 2006-2010 жж. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім алған. 2009 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» жастар фестивалінде алғыс хатпен марапатталды. 2010 жылдан бастап Ырғыз ауданы Жарма елді мекенінде Нарқызыл негізгі мектебінің мұғалімі.
Аманжолов Н: Өмірбаян мен өлеңдер // Шұғыла: Жас ақындар жинағы.-Ақтөбе, 2012.-50 б.

             Он оқитын қыз
Кеше мен бір сұлу қызға жолықтым,
Жарым ба осы, бұл өмірден іздеген.
Сезімге де ерлік керек.
Соны ұқтым.
Сөз байластым он оқитын қызбенен.
Жалғыз бақта жүруші едім жабырқау,
Келді ме шын махаббатым күзбенен
Оңай емес...
Қиын да емес секілді...
Сөз байласу он оқитын қызбенен.
Ол ауылда.
Мен қалада –қашықпыз,
Телефонмен сөйлесеміз жай ғана.
Жүзімізді бір көруге асықпыз,
Арман, үміт –жүректерде ой ғана.
Осылайша жүрген едік  әдемі,
Бірімізге біріміз шын сенген боп.
Тұрақсыз-ау телефонның әлемі,
Хабарлассам...
Тұрады әркез сөнген боп.
Жолым болмай махаббаттан тағы да,
Бекер болды бөлек кеттік біз деген.
Қонбас құсым екен менің бағыма,
Айырылыстым он оқитын қызбенен.