Қанахин Өтебай
(1923-1990)
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ
мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Әдебиетке елуінші жылдары келді.
1953-1960ж.ж. «Социалистік
Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер,
жауапты хатшының орынбасары, 1960 жылдан
Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, мәдениет секторының меңгерушісі,
1963-1966 ж.ж. «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1966-1969 ж.ж. Қазақстан КП
ОК-нің насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1969-1970 ж.ж. «Жалын»
альманахының тұңғыш бас редакторы, «Мәдениет және тұрмыс» журналында бөлім
меңгерушісі, 1975-1982 ж.ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық
редакциялық алқасының бас редакторы
қызметтерін атқарды. Бірқатар шығармалары өзбек, армян, тәжік, татар, башқұрт,
неміс тілдеріне аударылған. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
Ө.Қанахин: Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық./ Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ.-Алматы:
Ан-Арыс,2009.-228б.
Шығармалары: Қанахин Ө. Екі кездесу. 1947.
Қанахин Ө. Ауыр күндерде. Повесть.-Алматы: «Жазушы», 1969.-212б.
Қанахин Ө. Мұрагер. 1958; Қанахин Ө. Көл жағасында.1960; Қанахин Ө. Маздақ.
1964; Қанахин Ө. Тұңғыш махаббат.1966; Қанахин Ө. Жас дәурен. 1966; Қанахин Ө.
Жер басып жүрсем. 1968; Қанахин Ө.
Дәмелі.1962; Қанахин Ө. Жүрек қалауы.1974; Қанахин Ө. Бақыт бәйшешегі. 1976;
Қанахин Ө. Құдірет: Роман.1979; Қанахин Ө. Қарт сарбаз хикаясы.1986;
Қанахин Ө. Ата қоныс: Повесть-эссе.- Алматы: Жазушы, 1990.-288б.
Қанахин Ө. Құдірет. Роман.- Астана:
Елорда, 2001.-360б.
Қанахин Ө. Құдірет. Роман.- Алматы:
«Қазақстан», 2008.-368б.
Өтебай Қанахин. Құдірет. Роман. / Ред.алқасының төрағасы Мұхамбетов А.
«Ақтөбе кітапханасы» сериясы. –Т 7. –Ақтөбе: «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, 2011.-
400б.
Қанахин Ө. Шығармасы // Жәдігер. Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы. /Ред.алқасының
төрағасы Сағындықов Е.-Ақтөбе,2006.-113б.