Ахмедов Ғалым

Ахмедов  Ғалым

(1906-2002)
Ақтөбе облысы, Алға ауданында туған. 1925 жылы Орынбордағы Халық ағарту институтын бітірген. Ақтөбе уездік оқу бөлімінде инспектор, мұғалімдер кәсіподағының Ақтөбе губерниялық кеңесі төрағасының орынбасары, губерниялық атқару комитетінің жауапты хатшысы болған. 1931 жылы қазіргі Жамбыл қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумында директор, 1935 жылы Қазақстан өлкелік, кейін Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, 1938 жылы Жамбыл қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1944 жылы Қазақ мемлекеттік біріккен баспасының Бас редакторы, бұдан кейін көркем әдебиет баспасының  марксизм-ленинизм классиктері  шығармалары редакциясының меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жазушы» баспасында көркем аударма редакциясының меңгерушісі болып істеді. Ол Б.Горбатовтың, Л.Н.Толстойдың, А.П.Чеховтың, әңгімелерін, И.С.Тургеневтің, М.Бубеновтің т.б. жазушылардың шығармаларын қазақшаға аударған.

Ахмедов Ғ. Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық / Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ.- Алматы Ан-Арыс, 2009.-39 б.
Ахмедов Ғ.Өмірбаян // Ырғыз энциклопедиясы / Бас ред.Әттиев М. «Дала» ЖШС, 2010.-101 б.
Ахмедов Ғ. Жем бойында: Тарихи роман.- Алматы: Жазушы, 1992.
Ахмедов Ғ. Өткен жылдар: Проза.       
Ахмедов Ғ. Ескі достар: Проза;
Ахмедов Ғ. Алаш-Алаш болғанда: Прозалық шығармалар.
Ахмедов Ғ. Таңдамалы: естеліктер мен тарихи  деректер. 2 томдық.-Алматы:  «Жібек жолы», 2005.-280 б.
Ахмедов Ғ. Жем бойында: Тарихи роман // Ақтөбе кітапханасы сериясы. 20 томдық. Т. 5.-Ақтөбе: «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, 2011.
Ахмедов Ғ: Өмірбаян мен шығармалар // Жәдігер: Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы / Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе, 2006.-100 б.