Пұсырман жырау

Пұсырман жырау

(1857-1926)
         Сыр мен Елек өзендері аралығында көшіп жүрген  Қабақ руына қарасты Наурызбай аталығынан тарайтын Ідірістің отбасында дүниеге келген.  Жасынан ән –жырға құмар бала Пұсырман өте зерек, алғыр, құймақұлақ болып өседі. Соның әсері болса керек, әнші –жыраулар айтқан ән, дастандарды табанда жаттап алып, еш бүкпесіз қайта айтып беретін болған. Жыр, дастандарды таңды –таңға ұрып айтып,  атақты жырау атанады. Қайда ойын-той болса ел Пұсырманды шақырып, атынан аяғын жерге тигізбей түсіріп, төрден орын берген. Бар адамдар үстіне зерлі шапан жауып, кетерінде жорға жетектеткен. Сондықтан да ол:
                             Халқым-ай, Пұсырман жырау атандырдың,
                            Ханменен дәрежемді қатар қылдың! – деп жырлаған.
Академик А.Жұбанов өзінің «Замана бұлбұлдары» кітабында «Әли» деген очеркінің бір тұсында Пұсырман жырауға ғылыми тұрғыдан әділ бағасын береді. Атақты жырау өмірінің соңғы жылдарында  қызылдардан қысым көріп, Жайық бойына кетеді. Ол жақта да ел ішінің құрметті адамы болған.
Пұсырман жырау: Өмірбаян //  Шалқар энциклопедиясы / Бас ред. Тілешев Т.-Шалқар, 2009.-27 б.
Асанов Ж: Пұсырман ақын. // Жұлдыз.- 2000. -8-9 саны. -120 бет.
Асанов Ж: Осы жұрт Пұсырманды біле ме екен? // Ақтөбе.- 1999.-25 мамыр.

          *        *       *

Биасылдан қыз алма,
Биасылдан қыз алсаң,
Тон киерсің қиюсыз,
Етек – жеңі тігусіз,
Бір жаққа өзің кеткенде,
Ер-тұрманың жатады,
Күнге күйіп жиюсыз.
Биасылдың баласы,
Кешкі ғұрым болғанда
Ұй қыдырар бұйымсыз...