Жәкібай Сағымбайұлы

Жәкібай Сағымбайұлы

1885 жылы Ырғыз уезінде туған. Әкесі Сағымбай арқалы бақсы болған кісі. Руы-Шөмекейдің Бабан көнегі. Жәкібай жасында молдадан арабша сауат ашып, кейін  Ырғыздағы екі кластық орыс мектебіне түсіп, кейін қазақтың мақтаныштарына айналған Тел Жаманмұрынов, Ұзақбай Құлымбетов сияқты азаматтармен бірге оқыған. Жәкібайды –терме өлеңге түбі жоқ қазақтың таңды таңға ұрып жырлайтын жыршысы деуге болады. Ол «Орақ-Мамай», «Зарқұм соғысы», «Жанқожа батыр», «Опасыз жар», «Ой қожа мен Қыр қожа» т.т. қисса-дастандарды жатқа білген.
Мұсаев А.  Жыр дүлділі-Жәкібай // Әйтеке би аймағының этномәдени мұрасы. -Ақтөбе: 2006.-134 б.
Қонақбаева А:  «Әуеніне Әуезов те елтіген Жәкібай жырау» // Атақ қумаған таланттар. -Ақтөбе: А-Полиграфия, 2013.-41 б.
                         Жәкібай жыраудың термелерінің бірі
Әуелі Алла жар еттім,
Ыңырар көңіл тілменен.
Пайғамбар да өріп еді,
Төрт шаһариар пірменен.
Құдайым -қожа, пенде- құл,
Айдаса жүрер жолменен.
Сандуғаш болып сайрайын,
Бақшадағы гүлменен.
Қазына көңіл саудагер,
Алымсақ адам бар болса,
Шығарайын тілменен.
Бұл күндегі жел сөзім,
Өлгенде ұшар желменен.
Дүниенің түбіне талай ерлер талпынып,
Айнала қолын сермеген.
Кетеріне келгенде,
Араз болған тамырдай,
Қайырылып қолын бермеген.
Өзі болған жігітке,
Жатта бір жақсы ағайын,
Қаусырмалы тіл мен жақ,
Қақпалап жолға салайын.
Аталы болған жаманнан,
Өзі болған тек артық.
Кәдір білмес жаманнан,
Құныңды білген дос артық.
Білмей артық сөйлеуден,
Сөйлемей тұру бас артық.
Әр нәрсенің бағасы,
Қалайыдан жез артық.