Шернияз Жарылғасұлы

Шернияз Жарылғасұлы

(1807-1867)
          Шернияз Жарылғасұлы қазіргі Ойыл ауданы топырағында 1807 жылы туып, 1867 жылы қайтыс болған.Ол Исатай Тайманов бастаған  Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне қатысқан. Исатай қазаға ұшырап, көтеріліске қатысқандар жазаға тартыла бастағаннан кейін, Шернияз  Баймағамбет сұлтанның қудалауына  түседі. Сөйтсе де ол Исатаймен жолдас болған кезін аңсап, Махамбет ақынмен қатынасын үзбеген. Өз заманындағы қорқау хан, сұлтандарға, жемқор билерге көзқарасын айқын танытады.
          Қазақ әдебиетіне Шернияздың әкелген бір жаңалығы, ол-ертеден келе жатқан импровизация өнерін кемелдендіре, жетілдіре түсіп, оны өзіне қарсыласушылардың мін-кемістіктерін, оғаш мінездерін көрсетуге, ажуа етуге шебер пайдалана білген мысқылшы. Бұған үлгі ретінде Шернияздың Баймағамбет  төремен кездескендегі айтқандары дәлел.
         Шернияз Жарылғасұлы: Өмірбаян // Қазақтар. 9 томдық. 2-том, Алматы: 1998.-105 б.
Шернияз Жарылғасұлы.Өмірі мен шығармасы // Бес ғасыр жырлайды: Т.1. / Құраст. Мағауин М. Байділдаев М.- Алматы: Жазушы, 1989.-227 б.
Шернияз Жарылғасұлы. Өмірі мен шығармасы // Бес ғасыр жырлайды: Т.2. / Құраст. Мағауин М. Байділдаев М.- Алматы: Жазушы,1984.-22 б.
Шернияз Жарылғасұлы. Өмірі мен шығармасы // ХІХ ғасыр әдебиеті / Құраст. Х.Сүйінішәлиев.-Алматы: Ана тілі, 1992.-48 б.
Шернияз Жарылғасұлы. Өмірі мен шығармасы // Екімыңжылдық дала жыры / Бас ред. Ә.Нысанбаев.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2000.-183 б.
Шернияз Жарылғасұлы. Өмірі мен шығармасы // Нар заман мен зар заман поэзиясы / Құраст. Дүйсенбайұлы Е.-Алматы: Раритет 2002.-166 б.
Шернияз Жарылғасұлы.Өмірі мен шығармалары // Жәдігер: Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы / Ред. алқасының төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе, 2006.-18 б.
Шернияз Жарылғасұлы.Өмірі мен шығармасы // Жеті ғасыр жырлайды. 2 томдық. Т.1. / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы.- Алматы: Жазушы, 2008.-190 б.
Шернияз Жарылғасұлы.Өмірі мен шығармалары //Адырна: Т.1 Ежелгі жыраулар / Құраст. Ж.Асанов.-Ақтөбе: «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, 2011.-37 б.
Шернияз  бен қыз // Қазақ өнерінің антологиясы. 25 томдық. Айтыс. Т.ІІ. / Құраст. Жолдасбеков М. Әлмұханова Р. –Астана: Күлтегін, 2014.-336 б.

                                                          *      *     *
Тостағанды  қолға алып,
Айқай салған жиырма бес,
Шаншатұғын найзадай
Қылтың еткен жиырма бес.
Жиырма бестен өткен соң,
Орда бұзған отыз бес.
Отыз бестен өткен соң,
Қынсыз қылыш қырық бес.
Қырық бестен өткен соң,
Емен шоқпар елу бес.
Елу бестен өткен соң,
Әрмен-бермен алпыс бес.

Жетпіс беске келген соң,
Сексен беске жеткен соң,
Ұлың жүрер ұялмай,
Қызың жүрер тіл алмай,
Сол мезгілде жүрерсің
Белге соққан жыландай.
Сексен бестен өткен соң,
Тоқсан беске жеткен соң,
Шөңге болар түсіңіз,
Жылап тұрар ішіңіз,
Бойдан кетер күшіңіз.
Сол мезгілде болғай-ау,
Сыйлайтұғын кісіңіз.