Айжанов Жақсылық

Айжанов Жақсылық

            1950 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы Жаңатаң елді мекенінде туған. 1968 жылы Жарқамыс орта мектебін бітірген. 1975 жылы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын  1968-1969 жылдары Жаңатаң бастауыш мектебінде  ұстаздық қызметтен бастаған. 1975-1979 жылдар аралығында Жем, Жаңатаң орта мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, 1979 жылдан  облыстық телекомпанияда  редактор, 1985 жылы аға редактор, 1986-1996 жылдары Бас редактор болып қызмет еткен. 1996 ж. осы телекомпания төрағасының орынбасары қазметтерін атқарған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Айжанов Ж: Өмірбаян // Қазақстан жазушылары. Анықтамалық / Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ.-Алматы: Ан Арыс, 2009.-13б.
Айжанов Ж. Оралу: Жыр жинағы.- Алматы: Жалын, 1994.-64 б.
Айжанов Ж. Табиғат пен жүрек: Жыр жинағы.-Ақтөбе, 2007.-109 б.
Айжанов Ж. Өмірбаян мен өлеңдері // Жәдігер. Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы / Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе, 2006.-274 б.

                                                         Күзгі жаңбыр
«Ақтөбеде жауын күн»
Есенбай жырлағандай.
Жаңбырдан мен ауырдым
Ішімді ит тырнағандай.
Бұлт алды сәнін көктің,
Нөсері басылмады.
Жаурадым, әлім кетті,
Көңілім тасынбады,
Эфирден хабар өтеді,
Ертең күн жаудыратын.
Қашан бір самал еседі,
Бұлттарды аудыратын.
Жаңбырлы,
Шілде де, тамызым да,
Тасаттық керек емес.
Амал бар деп аңызымда
Ешкім кеңес берер емес.
Ақтөбе қаладай бүгін
Теңіздің жағасындағы,
Дәл мұны қаламайды үнім,
Диханның бағы ашылмады.
Жаңбыр көп ұнап тұр деме,
Төгеді күн-түн деспей
Оу, Ақтөбем,
Тілімдей жылап тұр неге,
Аспаннан бұлтың көшпей.