Айымбетов Мәди

Айымбетов Мәди

1946 жылы 14 қарашада туған. Балалық шағы өзінің ата-қонысы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында өтті. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдағаннан кейін көп жылдар бойы республикалық газет-журналдар басылымдарында қызмет істеген. Содан соң республиканың Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитетінде көркем әдебиет бөлімінің бастығы,  «Ғылым» баспасының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратында Редакциялық баспа бөлімінің меңгерушісі болды. Жазушының шығармалары  украин, белорус, молдован, түрікмен, өзбек, қырғыз, ұйғыр, шешен т.б. ұлт тілдеріне аударылған.

Шығармалары:
Айымбетов М: Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық. / Құраст.Қамшыгер С.Жұмашева Қ.- Алматы: Ан-Арыс, 2009,-18б.
Айымбетов М. Шілденің күні: Повесть, әңгімелер.- Алматы: Жалын,1976; Айымбетов М. Чаша печали. 1977;
Айымбетов М. Ертегіден келген бала: Повесть.- Алматы: Жалын, 1978;
Айымбетов М. Көгілдір соқпақ: Әңгімелер, повесть. –Алматы: Жалын,1980; Айымбетов М. Көлге шомылған ай: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жалын,1984;
Айымбетов М. Плато голубых цветов. -Алматы: Жалын,1985;
Айымбетов М. Шыққа тұнған нұр: Повестер.-Алматы: Жалын,1989;
Айымбетов М. Ол дәурен бір көрген түс: Повестер мен әңгімелер. –Алматы: Жазушы, 1995;
Айымбетов М. Тылсым: Повестер.- Астана:  Елорда, 2001; 
Айымбетов М. Аспан асты жер үсті.-Астана: Елорда, 2002; 
Айымбетов М. На тверди земной: Повести и рассказы. -«Аударма», 2004;  Айымбетов М. Құла түздегі үнсіздік: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 2005;
Айымбетов М. Нәзік жаңғырық: Таңдамалы повестер. / Қазақпарат,2006; Айымбетов М. Құмөзек хикаялары: Повестер мен әңгімелер. –Алматы: Раритет, 2007.
Айымбетов М: Шығармалары // Ақтөбе кітапханасы сериясы. 23 томдық. Т.23 –Ақтөбе: Шамшырақ-Ақтөбе, ЖШС, 2014.-416 б.