Ысқақов Қуаныш

Ысқақов Қуаныш


            1995 жылы 16-тамызда  Қарғалы ауданы, Қос Естек ауылында дүниеге келген.Ырғыз ауданындағы гимназия-мектебінің түлегі. «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Ырғызда өткен аудандық байқауда жүлделі орыннан көрінді.Бүгінде Қ.Жұбанов атындағы көп салалы колледжінің тәмамдады.
Ысқақов Қ: Өмірбаян мен өлеңдер //Шұғыла: Жас ақындар жинағы.- Ақтөбе, 2012.-90 б.

                                                Түнмен сырласу
Мұңыммен сырласып түндерде,
Өзіңді ойлаймын күнде де.
Сырымды ақтармақ болдым да,
Телмірдім бақтағы гүлдерге.
Мұңымыз үндесіп сырласқан,
Жылауға  себеп пе түнгі аспан.
Дос едік араға қыл түспес,
Ал, қазір, көңілді зіл басқан.
Міне, түн. Сағатым-1.40
Тұнғандай көңілге мұңдылық.
Білмедім: түсім бе, өңім бе,
Түндегі түнерген бір күдік.
Сағынып, саған жыр жазамын,
Аралап сырлы ой базарын.
Бейнеңді көруге ынтықпын,
Есімнен кетпейді ажарың.
Достарым ұйқыға мүлгіген,
Мен сені ойлаймын түнімен.
Жанымның жарасы ашылып,
Қорықтым жалғыздың үнінен.
Кімменен сырласам енді мен?
Сезіммен бетпе-бет келіп ем.
Ғажайып күнімді түн қылдың,
Мен саған өлердей сеніп ем...