Әйтеке би Байбекұлы

Әйтеке би Байбекұлы

                                                        (1644-1700)
ӘЙТЕКЕ Байбекұлы — казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы. Ә. Қоканға (1622 — 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі (1622 — 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан. Шешендік касиетінің ерте танылуына әкесі Байбек пен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиеді. Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Ол әуелі Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған, сән-сәулетімен әйгілі "Тіллә-кари", "Шердор" медресесінде оқиды. Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шығады. Әйтеке Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалантөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Баланын он екі жасында Жалаңтөс атасы, он бес жасында Ақша атасы дүниеден озады. Әйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел баскару істеріне араласады. Сөйтіп жиырма бір жасында бүкіл Бұкара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарқалпақ, кұрама жұртының бас биі болды. Ал жиырма бес жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлады.

Әйтеке би Байбекұлы: Өмірбаян // Қазақстан  Ұлттық энциклопедия: 1т./Бас ред. Ә.Нысанбаев.-Алматы: Қазақ энциклопедиясының  Бас редакциясы, 1998.-651 б.

Әйтеке Байбекұлы: Өмірбаян //  Ақтөбе энциклопедия / Бас редакторы М.Қ.Тәжібаев.-Ақтөбе.-2001.- 293б.

Әйтеке би: Билер сөзі / Құраст. Т.Кәкішев.-Алматы: Қазақ университеті, 1992.-160 б.

Төреқұлов Н: Қазақтың жүз шешені. - Алматы: Алтын адам, 1992.-248 бет. 

Төреқұлов Н: Қазақтың би-шешендері. 1-2 кітап.-Алматы: Жалын, 1993.-400 б.

Әйтеке би: Шешендік шиырлары: Шешендік сөздер, нақылдар мен толғаулар жинағы / Құраст.Есхожин.-Алматы: Қайнар.-1993.-240 б.

Төреқұлұлы Н: Қазақтың 100 би-шешені.-Алматы: :Атамұра, 1995.-384 б.

Әйтеке би. / Құрастырған  Г.Бельгер, М.Ақдәулетұлы.-Алматы: Атамұра, 1998.-224б.

Тоқмырзаұлы Қ: Әулие әжібай би немесе Дала данышпандары: Ақтөбе, 1998.-197 б.

Құрманалин М: Жұлдызды жорық(деректі баян, өлеңдер, поэмалар, әңгімелер, эссе). -Ақтөбе, 2005.

Есләмғалиұлы М: Әйтеке би: Тарихи-философиялық диология.-Алматы: Жазушы,  2007.-560 б.

Әйтеке би. / Құрастырған  С.Дәуітов-Алматы:ҚАЗақпарат, 2011.-192 б.

Нәлібаев Б: Әйтеке Байбекұлы: қара қылды қақ жарған-жақсылардың белгісі//Ана тілі.-2014.-19-25 маусым.

Тұрлыбек Д: Әйтеке би-Ұлт кемеңгері: [Халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының бас директоры Д.Тұрлыбекпен сұхбат/ Сұхбаттасқан А.Жалмағамбетова] //Ақтөбе.-2013.-12 қыркүйек.

Төлеуғалиев Б: Бабаларын ұлықтаған ұрпағы //Ана тілі.-2012.-2-15 тамыз.

Тұманбайұлы К: Әйтеке бидің кесенесі // Мәдени мұра.-2010.-№2.-сәуір-мамыр.-31б.