Ізбай Әлімбай

Ізбай Әлімбай

(1958-2007)
            1958 жылы Шалқар ауданы Байқадам селосында дүниеге келген. Осындағы Қорғантұз орта мектебін 1975 жылы бітіріп, екі жыл бойы «Сарыбұлақ» совхозындағы «Жалын» комсосол –жас шопандар бригадасында еңбек етті.
Мектепте оқып жүргеннен оның мақалалары, сықақ –әжуалары республикалық «Қазақстан пионері» газетінде, «Ара» журналында, облыстық, аудандық басылым беттерінде жиі жарияланып тұрды.
1977-1979 жылдары армия қатарында азаматтық борышын өтеп, 1980-1985 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. Университетті бітіргеннен кейін  Ақтөбе облыстық радиотелекомитетінің жастар редакциясында редактор, теміржолшылардың «Стальная магистраль-Болат жол» газетінде тілші, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде редактор болды. Одан кейін «Алтын Орда», «Ақтөбе» газеттерінде қызмет істеген.

Ізбай Ә. Қырық үш күндік кемдік: Әзіл әңгімелер.-Ақтөбе: «А-Полиграфия». 2014.-168б.
            Ізбай Ә. Шексіз билік: Әзіл әңгіме // Жәдігер.  Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы./Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.-  Ақтөбе. 2006.-338б.