Показаны сообщения с ярлыком «Шұғыла» әдеби бірлестігі. Показать все сообщения
Показаны сообщения с ярлыком «Шұғыла» әдеби бірлестігі. Показать все сообщения

Аманжолов Нұркен

Аманжолов Нұркен
Аманжолов Нұркен


1989 жылы 11-қаңтарда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Коминтерн  селосында дүниеге келген. 2006-2010 жж. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім алған. 2009 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» жастар фестивалінде алғыс хатпен марапатталды. 2010 жылдан бастап Ырғыз ауданы Жарма елді мекенінде Нарқызыл негізгі мектебінің мұғалімі.
Аманжолов Н: Өмірбаян мен өлеңдер // Шұғыла: Жас ақындар жинағы.-Ақтөбе, 2012.-50 б.

             Он оқитын қыз
Кеше мен бір сұлу қызға жолықтым,
Жарым ба осы, бұл өмірден іздеген.
Сезімге де ерлік керек.
Соны ұқтым.
Сөз байластым он оқитын қызбенен.
Жалғыз бақта жүруші едім жабырқау,
Келді ме шын махаббатым күзбенен
Оңай емес...
Қиын да емес секілді...
Сөз байласу он оқитын қызбенен.
Ол ауылда.
Мен қалада –қашықпыз,
Телефонмен сөйлесеміз жай ғана.
Жүзімізді бір көруге асықпыз,
Арман, үміт –жүректерде ой ғана.
Осылайша жүрген едік  әдемі,
Бірімізге біріміз шын сенген боп.
Тұрақсыз-ау телефонның әлемі,
Хабарлассам...
Тұрады әркез сөнген боп.
Жолым болмай махаббаттан тағы да,
Бекер болды бөлек кеттік біз деген.
Қонбас құсым екен менің бағыма,
Айырылыстым он оқитын қызбенен.



Толығырақ

Баймұхан Жомарт

Баймұхан Жомарт
Баймұхан Жомарт

1993 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылында дүниеге келген.
2009 жылы Ырғыз ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін бітірді. Сол жылы Ақтөбе қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледжде «Мәдени ұйымдастырушы және оркестр жетекшісі» мамандығы бойынша оқуға түсті. Қазіргі таңда Қарғалы аудандық балалар өнер мектебінде домбыра класы бойынша ұстаздық қызмет атқарады.
Баймұхан Ж. Қарғалы құшағындағы өлең... / Алматы, 2016.-85б.


                    Есімде
Сырласқаным әлі есімде көп-ақ түн,
Білсең сені бір көргеннен ұнаттым.
Жанарыңнан оқып алдым мендегі
Жауаптарын жүректегі сұрақтың.

Гүл Ақтөбе ақ мамыққа оранған,
Аппақ болып қол бұлғайды жол алдан.
Ақ сезімнің, пәк сезімнің алдында
Серілігім, сенімді үнім тоналған.

Ақпан еді ақ ұлпасы шашылған,
Ақ қайыңның айта алмадым қасында ән,
Ақ маңдайлым, айта алмайтын сен жайлы
Асқақ ойлар шықпай қойды басымнан.

Жүрген кезде маңайымнан алыс мұң,
Достарынан қалып қойсын қалыс кім.
Достарменен Байғанинді бетке алып
Поезда едік мен өзіңмен таныстым.

Бұрын сезім суығына тоңбап ем,
Махаббаттың тәтті үніне тұнды әлем.
Қонақ емес келесіде бұл елге
Күйеу болып барғым келді сонда мен.

Сонда өзімді серік қылып бір қызға,
Әй, өзім де екенмін-ау тым қызба.
Осы бетте –ақ орамалды байлатып
Паравозды бұрғым келді Ырғызға.
Толығырақ

Аманжол Шапағат

Аманжол Шапағат

            1992 жылы 20 маусымда Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке селосында дүниеге келген. Қарғалы ауданы Қосестек орта мектебін бітірген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі.Өлеңдері «Балауса жырым- серігім», «Үркер» қолжазба журналы, «Жас қанат» сияқты студенттердің шығармалар жинағына енді.

Аманжол Ш. Қарғалы құшағындағы өлең... / Алматы, 2016.-85б.

        Қарғалы

Қарт Қарғалы!
Тоқсан беске тұрсың-ау аттанғалы.
Табиғатың тамаша толғандырып,
Бұлбұлдарың сайрайды бақтардағы.

Нар Қарғалым,
Қартайып қалғаныңды аңғармадым.
Шекараңнан ассам да дұға қылып,
Шүкіршілік айтамын таңдарға мың.

Төздің талай, сұм-соғыс сұрапылға,
Қартайыпты белдерің, қыратың да.
Кәрі төбе шөгеді жылдан –жылға,
Кәрі талдар дайын тұр бүр атуға.

Сәрке батыр сан мың рет қорғап өткен,
Сап түзеген сарбаздар жолда кеткен.
Жағалбайлы жайлаған жұмақ жерді,
О, Жаратқан, көз салып қолда көктен.

Қызылтамның мазары маңызы бар
Қос ғашыққа салынған –аңызы дәл.
Қарабұтақ мешіті Нұрпейістің,
Сафа ишан салдырған бағ(ы)зыда.

Күнің шығып тұрғанда шұғылалы,
Шал-кемпірің тұстайды құбыланы.
Жүзге жетсін дегендей тілек айтып,
Ұзақ болсын дегендей ғұмыры әлі.

Жыр Қарғалы,
Жер астында байлықтың тұнған бәрі,
Тоқсан бестен асқанда тосып жүрем,
Бір ғасырға жетердей күнді алдағы.

Мәрт Қарғалым!
Орындалар өзіңде тәтті арманым,
Атағыңды шығарар ат шаптырып,
Қаламгерлік мендегі жатқан дарын,
Мәрт Қарғалым!
Толығырақ

Палман Лаура

Палман Лаура

1980 жылы 1 қазанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында туған. «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының редакторы.

                                                 *         *          *
                                                     Бітті ме «Жаз» әні біздегі,
                                                Өшті ме өткеннің іздері...
                                                Сезім де сарғаяды екен-ау,
                                                Жапырақ сияқты күзегі.

                                                Қалдық па жылусыз, жүрексіз,
                                                Жарықсыз, білесің, түнекпіз.
                                                ...Көңіл де күздегі аспандай,
                                                Жылайды ретті, ретсіз.

                                                Күзді көр, сол күзден көр Мені,
                                                (Жазбенен жоғалған жөн бе еді...)
                                                Сары алап –Мендегі сағыныш,
                                                Суық жел – салқындық Сендегі.

                                                Мендік тән салқынға шыдар ма,
                                                Сары күз сырымды ұғар ма?
                                                Хат алып кетпейді құс біткен,
                                                Қатыгез боп алған бұлар да.

                                                Тамшыдан шық болып жылаған,
                                                Сол әннің жалғасын сұрағам.
                                                «Жаз» әні кілт тоқтап қалғанда,
                                                Сырт етіп «Жапырақ» құлаған.

                                              «Әні» жоқ «Өлең» жүр өлкемде,
                                              Мәні жоқ «Жыр» жазып ертеңге.
                                              Біздегі «Жаз әні» бітіпті!
                                              Күзден «Күй» сұрасам...Шертер ме?




                      *         *          *

Мен Ләйлі емеспін, мәңгүрт ететін Мәжнүнін,
Сен емессің Жұматай, Ләйләға айтқан назды үнін.
Лағылдан жаны жаралған Лаура ханымға кешегі,
Кереметтерін жеткізген Петраркалар аз бүгін.

Мен Лаурамын, бір ақын арманына балаған,
Тек бақытты болғам жоқ, сүйсе дағы сол адам.
Әдемі өлең, асыл жыр арналса да, қайтейін,
Өтіп кеткен секілді ала мысық арадан.

Өлең деген өлкеде қыдырғам-ды өңімде,
Бәрі уақытша болса да, сол да демеу көңілге...
Мені сол кез сүйгенсің, сағынғансың, бірақ та,
Жұбатқан жоқ жырларың, жылаттың ғой,
Оның не?

Теберік қып тәніме сыйлап кеттің түндей мұң,
Жазғырмаймын сені түк, тек өзімді тілдеймін.
Жұдырықтай жүрекке жұп-жұмыр ғып сыйлаған,
Өлеңіңді сағынам,
Өзіңді ме?
Білмеймін...


    *         *         *

Өлмелі халде жүрмін мен өлең құрамай,
«Ақ қардай» аппақ арманым қалған ұнамай...
«Қап-қара жерге құлаған» кеше құрбыңды,
Жұбатып жырмен тұрғызып алшы, Құралай!

Жыр іздеп түнде жөнсіздеу шығар жортуым,
Ішінде қалып өлсем ғой өлең өртінің.
Қарманған сәтте «Тіл қататұғын тағдырға,
Мықты» емес екем,
түсінемісің,Толқыным?

Жырқұмар жанды жұбатып әлек уақыт құр,
Сонда да жүрек батпандай мұңға батып тұр.
Өлеңнің иісі бұрқырап  тұрған қолыма,
«Бақыттың гүлін» ұсынып көрші,Бақытгүл!

Талғажау етіп «бақшаңнан» тергем әрнені,
Жылағам сосын, (менде өзге ермек бар ма еді).
«Ауа мен Айды, Күнді де қажет етпеймін»,
Танакөз, өзің өлеңмен емдеп ал мені...

Оралар ма екен адасып жүрген арманым,
Жол табам ба екем, аян да емес алдағым.
Тіршілігімнен түнерген бұлтты ысырып,
Тірілтетұғын жыр жазыңдаршы, Жандарым!
Толығырақ

Ысқақов Қуаныш

Ысқақов Қуаныш


            1995 жылы 16-тамызда  Қарғалы ауданы, Қос Естек ауылында дүниеге келген.Ырғыз ауданындағы гимназия-мектебінің түлегі. «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Ырғызда өткен аудандық байқауда жүлделі орыннан көрінді.Бүгінде Қ.Жұбанов атындағы көп салалы колледжінің тәмамдады.
Ысқақов Қ: Өмірбаян мен өлеңдер //Шұғыла: Жас ақындар жинағы.- Ақтөбе, 2012.-90 б.

                                                Түнмен сырласу
Мұңыммен сырласып түндерде,
Өзіңді ойлаймын күнде де.
Сырымды ақтармақ болдым да,
Телмірдім бақтағы гүлдерге.
Мұңымыз үндесіп сырласқан,
Жылауға  себеп пе түнгі аспан.
Дос едік араға қыл түспес,
Ал, қазір, көңілді зіл басқан.
Міне, түн. Сағатым-1.40
Тұнғандай көңілге мұңдылық.
Білмедім: түсім бе, өңім бе,
Түндегі түнерген бір күдік.
Сағынып, саған жыр жазамын,
Аралап сырлы ой базарын.
Бейнеңді көруге ынтықпын,
Есімнен кетпейді ажарың.
Достарым ұйқыға мүлгіген,
Мен сені ойлаймын түнімен.
Жанымның жарасы ашылып,
Қорықтым жалғыздың үнінен.
Кімменен сырласам енді мен?
Сезіммен бетпе-бет келіп ем.
Ғажайып күнімді түн қылдың,
Мен саған өлердей сеніп ем...
Толығырақ