Показаны сообщения с ярлыком Ақтөбенің сөз зергерлері. Показать все сообщения
Показаны сообщения с ярлыком Ақтөбенің сөз зергерлері. Показать все сообщения

Кереева Қарлыға

Кереева Қарлыға
Кереева Қарлыға

(1931-2015)

 1931 жылы Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Жарқамыс орта мектебін бітіріп,Ақтөбе қаласындағы педагогикалық училищеге түседі. Білімін одан әрі жетілдіру мақсатында Н.Байғанин атындағы екі жылдық мұғалімдер институтына түсіп, оны 1952 жылы физика-математика мамандығы бойынша бітіріп шығады. Еңбек жолын аудандағы Комсомолдың ХХХ жылдығы атындағы орталау мектебінің мұғалімі болудан бастайды. 1953 жылы ауданның комсомол ұйымына жұмысқа ауысып, аудандық комитетінің екінші хатшысы, кейіннен бірінші хатшысы болады. 1959 жылы қызмет жасай жүріп, Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетін тәмамдайды. 1962-1964 ж.ж.Москва қаласындағы СОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінде оқып, оны партия құрылысы бөлімі бойынша бітіріп шығады. 1986 жылы республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық партия комитетінің хатшысы болып жұмыс жасаған.1976 жылы «Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің үздігі» атанған.


Баймағанбетова Қ./ Байғанин ауданы. Энциклопедия./ Бас ред. Кемешов Б.-Ақтөбе 2008.-111б.
Кереева Қ. Нан атасы-дән, балам: Повестер мен әңгіме.- Алматы: Жазушы,1984.-120 б.
Кереева Қ. Ат үстіндегі арпалыс: Естелік әңгімелер.-Ақтөбе,2001.-392б.
Толығырақ

Байжомартов Үкітай

Байжомартов Үкітай
Байжомартов Үкітай
1931 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1938-47 жылдары әйгілі «Мамания»  орта мектебінде оқыған. 1955 жылы  Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін үздік бітірді. 1955-1982 жылдары Талдықорған, Алматы, Ақтөбе облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы қызметтерінде болады. 1963-83 жылдары партиялық-мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Ақтөбе облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1983-1985 жылдары Ақтөбе облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы қызметінде болған. 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтына оқытушылық қызметке ауысты. Аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды.
Ғылымдағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен 2 мәрте марапатталған. «Тас балқып, ағаш батқан күндердің азабы немесе   екі басты бүркіт  бейнеленген  түйме хикаясы» атты  кітабы үшін облыс әкімі сыйлығының лауреаты атанды.



Байжомартов Ү. Екі басты бүркіт бейнеленген түйме хикаясы: Повесть.- Алматы: «Жібек жолы».-2012.-422б.

Байжомартов Ү. Өмірім мен өткелдерім: роман-эссе,хикаят.- Алматы: «Толғанай Т».-2013.-352б.

Байжомартов Ү. Тас балқып, ағаш батқан күндердің хикаясы немесе екі басты бүркіт бейнеленген түйме хикаясы: роман-эссе, хикаят.- Алматы: «Толғанай Т».-2013.-352б.
Толығырақ

Ізбай Әлімбай

Ізбай Әлімбай

(1958-2007)
            1958 жылы Шалқар ауданы Байқадам селосында дүниеге келген. Осындағы Қорғантұз орта мектебін 1975 жылы бітіріп, екі жыл бойы «Сарыбұлақ» совхозындағы «Жалын» комсосол –жас шопандар бригадасында еңбек етті.
Мектепте оқып жүргеннен оның мақалалары, сықақ –әжуалары республикалық «Қазақстан пионері» газетінде, «Ара» журналында, облыстық, аудандық басылым беттерінде жиі жарияланып тұрды.
1977-1979 жылдары армия қатарында азаматтық борышын өтеп, 1980-1985 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. Университетті бітіргеннен кейін  Ақтөбе облыстық радиотелекомитетінің жастар редакциясында редактор, теміржолшылардың «Стальная магистраль-Болат жол» газетінде тілші, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде редактор болды. Одан кейін «Алтын Орда», «Ақтөбе» газеттерінде қызмет істеген.

Ізбай Ә. Қырық үш күндік кемдік: Әзіл әңгімелер.-Ақтөбе: «А-Полиграфия». 2014.-168б.
            Ізбай Ә. Шексіз билік: Әзіл әңгіме // Жәдігер.  Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы./Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.-  Ақтөбе. 2006.-338б.
Толығырақ

Үмбетбай Уайдин

Үмбетбай Уайдин

            1935 жылы 10 қарашада Ырғыз ауданындағы Темірастау ауылында туған.
            Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақ сатирасының белді өкілі. 1965 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң Қазақ радиосында, «Ара» журналында, «Қазақфильм» киностудиясында, «Өнер» баспасында, республикалық кітапқұмарлар қоғамында қызмет істеді. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде ұстаздық етеді.

            Уайдин Ү. Қара көзілдірік. Сатира./ Алматы: Жазушы, 1969;
Уайдин Ү. Құрдым сиыр. Балаларға арналған суретті кітап.-Алматы: Жазушы, 1971;
Уайдин Ү. Ендігісін айтпаймын. Әзіл -сықақтар.-Алматы: Жазушы, 1978; Уайдин Ү. Ішің білсін. Өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1976;
Уайдин Ү. Контейнермен келген кемпір. Әзіл-сықақтар.-Алматы: Жалын, 1978;
Уайдин Ү.Тілсіз қоңырау.Әзіл-сықақ әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1980; Уайдин Ү. Быды-быды. Әзіл-сықақтар.-Алматы: Жалын, 1982;
Уайдин Ү. Нанайын ба, нанбайын ба? Өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1984;
Уайдин Ү. Особая столичная простокваша. Сатирический сборник.-Алматы: Жалын, 1984;
Уайдин Ү. Өмірге құштарлық. Публицистика.-Алматы: Жазушы, 1985;
Уайдин Ү. Мәселе қайда жатыр. Публицистика.-Алматы: Жазушы, 1987;
Уайдин Ү. Пәлен- пәштуан. Әзіл-сықақтар.-Алматы: Жазушы, 1992;
Уайдин Ү. Алло, бұл кім? Сахналық сатира.-Алматы: Өнер, 1991;
Уайдин Ү. Мәңгілік мәселе. Публицистика.-Алматы: Рауан, 1993;
Уайдин Ү. Атың кім, әй? Әзіл-сықақтар.-Алматы: Қожанасыр, 1995;
Уайдин Ү.Знакомство по обьявлению. Сатира.-Алматы: Жазушы, 1986; Уайдин Ү.Әумин! Өлеңдер жинағы. -Алматы: Өлке, 2001;
Уайдин Ү. Сен кімге күлесің? Сатира.-Алматы: Ана тілі, 2003;
Уайдин Ү. Біз былай байығанбыз. Сатира.-Алматы: Ана тілі, 2005;
Уайдин Ү. Оңашадағы ойлар.Қанатты сөздер.-Алматы: Нұрлы әлем, 2005; Уайдин Ү. Әдеп әлемі. Танымдық-тағылымдық педагогика.-Алматы: Ана тілі, 2008;
Уайдин Ү. Сырымды айтайыншы. Өлеңдер, ой-толғамдар, афоризмдер, сыр-сұхбаттар.-Алматы: Баянжүрек, 2010;
Толығырақ

Тілепбергенов Жиенғали

 Тілепбергенов Жиенғали


1895 жылы Темір ауданында туған. 1918 жылы Уфадағы «Ғалия» медресесін тәмамдайды. Медреседе қазақ балалары 1915-1918 жылдар аралығында шығарған «Садақ» қолжазба журналының Бейімбет Майлиннен кейінгі редакторы болды. Ол Қонжар, Қандыағаш мектептерінің мұғалімі, Темір оқу бөлімінің инспекторы, Ақтөбедегі  «Кедей» газеті редакторының орынбасары, Петропавлдағы  «Бостандық туы» газетінің редакторы, Қызылорда ағарту институтының оқу-тәрбие жұмысын басқарушы, «Сыр бойы» газеті редакторының орынбасары, Алматы Қазақ мемлекеттік баспаханасы, Темірдегі «Социалистік майдан» газетінің редакторы болды. Әңгімелерімен бірге сатиралық суреттемелер, фельетондар жазды. «Таңбалылар» повесі,  «Перизат-Рамазан», «Тілші» пьесалары бар. «Перизат-Рамазан»  пьесасын Ақтөбе облыстық драма театры көпшілікке жазушының 100 жылдығы  тұсында қайта ұсынды.
          Тілепбергенов Ж. Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық./ Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ.- Алматы: Ан-Арыс, 2009.-402б.
Тілепбергенов Ж. Ізбасар. 1969; Тілепбергенов Ж. Таңбалылар: Повесть. 1995;
Тілепбергенов Ж. Перизат-Рамазан: Пьесалар. Повесть.- Астана: Елорда, 2002.-152б.
Тілепбергенов Ж. 1-том: Әңгімелер, фельетондар, мақалалар.-Алматы: Алаш, 2005.-280б.
Тілепбергенов Ж. 2-том: Повесть, пьесалар, әңгімелер.-Алматы: Алаш,2006.-256б.
Тілепбергенов Ж. Таңбалылар: Повестен үзінді. //Жәдігер.  Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы. /Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе, 2006.-90б.
«Жақсының келіні немесе Ж.Тілепбергенұлының ұрпақтары туралы сыр»/ Сағиталықызы З./Нұр-Дәулет газеті. 28.06.2002.-6б.

Толығырақ

Төреханов Тауман

Төреханов Тауман


1931 жылы 15 наурызда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында туған. 1947-1950 ж.ж. Шалқар қалалық кеңесі атқару комитетінде іс жүргізуші, аудандық «Социолизм туы» газетінде аға әдеби қызметкер болып істеді. 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің  филология факультетін үздік  бітірген соң Шахта ауылындағы  орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, облыстық «Жаршы» газеті редакторының  бірінші орынбасары болды. 1963-1992 ж.ж. аудандық «Шалқар» газетінің редакторы қызметін атқарды.  Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,  КСРО баспасөзінің үздігі,  Қазақ КСР  Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Құрмет грамотасымен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Төреханов Т. Ғасыр қасіреті.
Төреханов Т. Кісенделген дала.
Төреханов Т. Қанмен жазылған тағдырлар:Тарихи эссе.- Алматы, 1999.-416б.
Төреханов Т. Дала геркулесі: Тарихи-хронологиялық роман.- Алматы, 2008.-584б.
Төреханов Т. Тарихтың қанды іздері.
Толығырақ

Төлепбайұлы Тынымбай

Төлепбайұлы Тынымбай


1941 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының Жарқамыс ауылында туған. 1965 жылы Жамбыл қаласындағы технологиялық институтты бітірген. Әр жылдарда «Арман қанатында» атты жас жазушылардың жинағына, республикалық көркем-әдеби басылымдарға шығармалары жарияланып тұрды. «Кішкентай бригадир» хикаяты, «Өмір сыры», «Қанағат» әңгімелер жинақтары мен «Шырғалаң» романының авторы. Байғанин ауданының Құрметті азаматы.
Төлепбайұлы Т. Қанағат: Хикаят, әңгімелер, новелла.- Астана: Фолиант,2016-240б.
Толығырақ

Тоқмырзин Құрал

Тоқмырзин Құрал

            1937 жылы 23 сәуірде Ойыл ауданындағы №3 ауылда, Алғабаста дүниеге келді. Орта мектептің сегізінші сыныбын аяқтаған соң әрі қарай оқуға жағдайы көтермей, он шақты жыл бойы туған жерінде колхозшы, механизатор болды. Ол Гурьев (қазіргі Атырау) педагогика институтын, Алматы Жоғары партия мектебін бітірді. Аудандық «Ойыл», облыстық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Ақтөбе») газеттерінде, «Жалын», «Жазушы» баспаларында қызмет атқарды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Тоқмырзин Қ. Сыбызғы сазы. 1978;
Тоқмырзин Қ. Оқшау отау. 1980;
Тоқмырзин Қ. Үш кие: Повестер.-Алматы: Жазушы, 1983-232б. Тоқмырзин Қ. Үзеңгі достар.1984;
Тоқмырзин Қ. Байтақ: Роман.-Алматы: Жазушы, 1990.-336б.  Тоқмырзин Қ. Тәуекел: Повестер мен әңгімелер.-Ақтөбе, 2001;
Тоқмырзин Қ. Керзаман: Тарихи роман.1-кітап. -Алматы: Қайнар, 2005-320б. 2-кітап. 2007-304б, 3-кітап 2011-336 б.
Тоқмырзин Қ. Бәс: Әңгіме // Жәдігер.   Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы. /Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.-Ақтөбе, 2006.-206б.

Толығырақ

Телеуова Зияш

Телеуова Зияш


1947 жылы 24 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туған. Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың тарих-қоғамтану факультетін бітірген.
Журналистік қызметін 1970 жылы Алға ауданының «Жұлдыз- Звезда» газетінің редакциясынан бастаған. Журналистика саласындағы еңбегі үшін Қазақстан Журналистер одағының «Құрмет грамотасымен», «Баспасөз қызметінің үздігі» атты төсбелгімен марапатталған.
Зияш Телеуова Журналист, аудармашы, жазушы. Ол  ағылшын жазушысы Эмили Родданың «Дело о пропавшем миллионере», Н.Кузнецованың «Дело о таинственном шефе» кітаптарын қазақ тіліне тәржімалады.

Телеуова З. Әлия жүрегі.-1992
Телеуова З. Тау самалы.-2004
Телеуова З. Жоғалған ауыл туралы аңыз.-2006
Телеуова З. «АБКА» тобы ашқан қылмыс: Балаларға арналған детектив. Алматы: Жеті жарғы. -2009.-84б.
Толығырақ

Оралбай Әмір

Оралбай Әмір

            1959 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Аманөткел ауылында дүниеге келді. 1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Ақтөбе облысы Октябрь аудандық «Октябрь туы»- «Знамя Октября» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактор, республикалық «Лениншіл жас» газетінде меншікті тілші,  «Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысы бойынша тілшісі, «Нұр-Астана» газетінің меншікті тілшісі болды. Қазақстан Журналистика одағы сыйлығының лауреаты.
Оралбай Ә. Әлия: Деректі повесть.-Алматы: Ер-Дәулет –Қазақстан. 1994.-154б.
Оралбай Ә. Құдайберген Жұбанов. Деректі ғұмырнама кітабы. 2000.
Оралбай Ә. Шүмектен су қайта ақты. Әңгіме // Жәдігер.  Ақтөбе    өңірінің әдеби антологиясы./ Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.-Ақтөбе- 2006.-342б.
Оралбай Ә: Ақтөбе-ақындардың астанасы. –Ақтөбе газеті.-1992.-7 тамыз.
Толығырақ

Мир –Хайдаров Рауль

Мир –Хайдаров Рауль

1941 жылы Мәртөк ауданында дүниеге келген. Мамандығы құрылысшы-инженер. Құрылыс-монтаждау ұйымдарында көп жыл қызмет істеген. Жас кезінде бокспен шұғылданған, бірінші разрядты спортшы, бірнеше рет Ақтөбе облысының чемпионы. Ташкентте, Мәскеу қаласында біраз жыл тұрған.Алғашқы әңгімесі «Полустанок Самсона» Мәскеудегі «Родники» альманағында жарияланған. 1975 жылы жас жазушылардың Мәскеудегі ІҮ Бүкілодақтық кеңесіне қатысқан. Бірқатар кітаптары  грузин, қазақ, қарақалпақ, өзбек,  алыс шетел тілдеріне аударылған.
            Мир-Хайдаров Р.Өмірбаян// Мәртөк энциклопедиясы./Бас ред.Тәжібаев М.-Ақтөбе: «Принт А», 2009.-321б.
Мир-Хайдаров Р. Полустанок Самсона. Повести и рассказы. 1975.
Мир-Хайдаров Р. Оренбургский платок. Рассказы.1978.
Мир-Хайдаров Р. Такая долгая зима. Рассказы.1978;
Мир-Хайдаров Р. Знакомство по брачному обьявлению. Повести. 1980;
Мир-Хайдаров Р. Жар –птица. Расскзы.1981;
Мир-Хайдаров Р. Дамба. Повести и рассказы.1984;
Мир-Хайдаров Р. Чти отца своего. Повести и рассказы.1987;
Мир-Хайдаров Р. Из Касабланки морем. Повести и рассказы. 1987;
Мир-Хайдаров Р. Пешие прогулки. Роман.1988;
Мир-Хайдаров Р. Налево пойдешь-коня потеряешь. Романы и повести.1990;
Мир-Хайдаров Р. Судить буду я.Роман, 1992;
Мир-Хайдаров Р. За все –наличными. Роман.1997;
Мир-Хайдаров Р. Масть пиковая. Роман. –Казань: «Идел-Прес»,2004.-336с.
Мир-Хайдаров Р. Двойник китайского императора. Роман, повести, рассказы.  –Казань: «Идел-Прес», 2006.-624с.
Мир-Хайдаров Р.  Ранняя печаль. Роман, повести, рассказы. –Казань: «Идел-Прес», 2006.-608с.
Толығырақ

Мыңжасарова Сара

Мыңжасарова Сара

(1924-2002)
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қара Шоқат деген жерде дүниеге келген. Ақтөбедегі мұғалімдер институтында оқыған. Одан кейін оқу-ағарту саласында жауапты қызметтер атқарды. Шалқар аудандық комсомол комитетінің мектеп жұмысы жөніндегі хатшысы болып істейді. 1952 жылы республикалық екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімін бітіріп шығып, ұзақ уақыт Талдықорған, Алматы облыстық және «Семиреченская правда» газеттерінің редакцияларында қызмет істеді. 1971-1973 ж.ж. Байланыс министрлігінің  мерзімді баспасөзді тарату басқармасының баспасөзге жазылу бөлімін басқарған.

Мыңжасарова С. Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық./ Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ.-Алматы: Ан-Арыс, 2009.-285 б.
Мыңжасарова С. Қыр қыздары: Роман.- Алматы: Жазушы,1970; Мыңжасарова С. Әйел бақыты: Роман.-Алматы: Жазушы, 1981; Мыңжасарова С. Женское счастье: Роман.-Алматы: Жазушы,1984; Мыңжасарова С. Төзім шеңбері: Роман. -Алматы: Жазушы,1989; Мыңжасарова С. Өмір көріністері: Әңгімелер мен повестер. -Алматы: Өлке, 2002. -376б.
Толығырақ

Мұханбетқалиұлы Қажығали

 Мұханбетқалиұлы Қажығали

1942 жылы 8- желтоқсанда Байғанин ауданында дүниеге келген. 1965 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін Ақтөбе облыстық радио және телевидение комитетінде, облыстық «Коммунизм жолы» («Ақтөбе»), «Қазақстан» баспасында, «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жаңа фильм» журналында қызметтер атқарған. Бірқатар шетел жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды. Өз әңгімелері шетелде ұжымдық жинақтарға енді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

«Қажығали Мұханбетқалиевті қазақ әңгімесінің айтулы шебері деуге әбден болады. Оймақтай ғана оқиғаға ойдай мағына сыйғыза алған прозашы адам құлқындағы құбылмалылықтан басталатын дәуірлік трагедиялар мен әлеуметтік драмалар жұлынын дөп басады.»
                                                                              Әбіш Кекілбаев.
Мұханбетқалиев Қ. Өмірбаян// Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық. / Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ.-Алматы «Ан-Арыс», 2009.-276 б.
Мұханбетқалиев Қ. Жұлдызды түндер. 1972; Мұханбетқалив Қ. Тоғай сыбдыры. 1974; Мұханбетқалиев Қ. Жаңғырық. 1981; Мұханбетқалиев Қ. Старые друзья. 1971; Мұханбетқали Қ. Қайдасың, сен, махаббат. 1981; Мұханбетқалиев Қ. Сынық терезе: Әңгімелер мен хикаяттар.-Астана «Елорда», 2003.-272б.
Мұханбетқалиев Қ: Шығармалары // Ақтөбе кітапханасы сериясы. 23 томдық. Т.21 –Ақтөбе: Шамшырақ-Ақтөбе, ЖШС, 2014.-336 б. 

Мұханбетқалиев Қ. Жігіттің көз жасы: Әңгіме // Жәдігер. Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы./Ред.алқасының төрағасы Сағындықоа Е.- Ақтөбе-2006.-206б.
Толығырақ

Меңдіғали Төлеміс

Меңдіғали Төлеміс

1936 жылы Темір ауданы Қайыңды ауылында дүниеге келген. Ақтөбе педагогикалық училищесін, Қазақ мемлекеттік  университетінің журналистика факультетін, Алматы Жоғары партия мектебін бітірді. Ұзақ жылдар облыстық газетте қызмет істеді.
«Ерте  келген күз» («Жалын» баспасы,1989 жыл) жинағына оннан астам әңгімелері енді. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  грамотасымен, КСРО және Қазақстан Журналистері одағының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Меңдіғали Т. Үйдегі аю. Әңгіме. // Жәдігер. Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы./Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе-2006.-282б.
Толығырақ

Мәндібай Төрежан

Мәндібай Төрежан

1937 жылы 18-наурызда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарытепсең  ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмамдаған. Ұзақ жылдар педагогтік қызмет атқарған. Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері «Жас керуен», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Жібек жел» атты ұжымдық жинақтарға енген.
Шалқар ауданының Құрметті азаматы. Облыс әкімі әдеби сыйлығының иегері.
Мәндібай Т. Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық./ Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ. - Алматы «Ан-Арыс»-2009.-266 б.
Мәндібай Т. Шығармалары: «Сыпыртқы командасы» 1982; «Оңай деймісің» 1987; «Махаббат минөті» 1997; «Қазығұрт -Қорасан» 2004;
Мәндібай Т. Өмірбаян мен шығармасы //Жәдігер. Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы./Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе-2006.-173б.
 «Мен әдебиетке кездейсоқ келген жазушымын.» Т.Мәндібаймен сұхбат./Ақтөбе газеті,15 наурыз 2012.-10б.
Толығырақ

Құлыбеков Абдулла

Құлыбеков Абдулла

(1903-1953)
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. Орта дәрежелі білім алған. 1921-1924 ж.ж. халық ағарту саласында, өмірінің соңына дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы марксизм-ленинизм институтының қазақ филиалында редактор және Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет туындылары мен бірқатар кітаптарды аударған.
А.Құлыбеков. Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық./ Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ.- Алматы:Ан-Арыс, 2009.-245б.
Аудармалары: В.Катаев. Мен еңбекші халық ұлымын. 1939;
А.Сурков. Сталинградтан шалғайда. 1946;
К.Симонов. Орыс мәселесі./Алматы: ҚМКӘБ,1949;
Даниел Дефо. Робинзон Крузо./Алматы:  ҚМКӘБ,1951,1952,1965;
Сервантес. Дон Кихот. –Алматы: ҚМКӘБ, 1951;
Стивенсон. Қазына аралы. -Алматы:ҚМКӘБ, 1965;
М.Горький. Мещандар.-Алматы: ҚМКӘБ, 1955;
И.Гончаров. Обломов. (Х.Өзденбаева, А.Сүлейменовпен бірігіп аударған)
Толығырақ

Қонақбаева Ардақ

Қонақбаева Ардақ 

 1958 жылы 23 желтоқсанда Шалқар ауданы Елтай ауылында дүниеге келді. 1985 жылы Қазақ мемлекеттік  университеттің филология факультетін, 1998 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының кино факультетін тәмамдаған. Республикалық «Жаңа  фильм», «Ара» журналдарында, «Мәдениет», облыстық «Ақтөбе» газеттерінде қызмет істеген. Сықақ әңгімелері республикалық баспасөз беттерінде жарық көрген.
Қонақбаева А. Атақ қумаған таланттар. Мақалалар жинағы. - Ақтөбе: «А-Полиграфия». 2013.-240б.
Қонақбаева А. Үрит, соқ! Сықақ әңгіме //  Жәдігер: Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы./Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е. –Ақтөбе, 2006.-335б.
Толығырақ

Құлыясов Табыл

Құлыясов Табыл 

1935 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Қаракөл» кеңшарында туған. 1978 жылы Қаз-МҰУ-ды бітірген. 1950 жылдан бастап республикалық «Пионер» журналы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттеріне өлеңдері шығып тұрды. 1970 жылы республикалық телерадионың Торғай, Ақмола облыстарындағы меншікті тілшісі, қазақ телевидениесінің  насихат редакциясында  редактор қызметін атқара жүріп, «Жебе» сатиралық журналын шығарды. ЛКЖО-ның Құрмет Грамотасымен, «Тың игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Б.Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың лауреаты. Ойыл ауданының Құрметті азаматы.
Құлыяс Т. Өмірбаян// Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық./ Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ.- Алматы: Ан-Арыс, 2009.-244б.
Құлыясов Т. Сатиралық шығармалары: Кесілген бұрым. Сатира. 1977; «Сауда сақал сипағанша», «Жалмауыз», «Құйын», «Ақмылтық», «Жегі»; Очерктер: «Шемен шер», «Дүние дәурен», «Ізет». Романы: «Аңыз ізімен» .
Құлыяс Т. Қоңыраулы күлкіграмма: Сатиралық әңгімелер.-Алматы: Жалын,1989.-176б.
Құлыяс Т. Аңыз ізімен: Ж.Тілепбергенов туралы роман.-Астана: «Фолиант» -2009-472б.
Құлыяс Т. Жегіқұрт. Роман.-Астана: «Нұра-Астана» 2011.-480б.
Құлыяс Т. Өмірбаян мен шығармасы // Жәдігер. Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы./Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе,2006.-177б.
Толығырақ

Қанахин Өтебай

Қанахин  Өтебай

(1923-1990)
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған.  Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.  Әдебиетке елуінші жылдары келді. 1953-1960ж.ж.  «Социалистік Қазақстан»  газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, 1960 жылдан  Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, мәдениет секторының меңгерушісі, 1963-1966 ж.ж. «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1966-1969 ж.ж. Қазақстан КП ОК-нің насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1969-1970 ж.ж. «Жалын» альманахының тұңғыш бас редакторы, «Мәдениет және тұрмыс» журналында бөлім меңгерушісі, 1975-1982 ж.ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық редакциялық алқасының  бас редакторы қызметтерін атқарды. Бірқатар шығармалары өзбек, армян, тәжік, татар, башқұрт, неміс тілдеріне аударылған. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

Ө.Қанахин: Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық./  Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ.-Алматы: Ан-Арыс,2009.-228б.
Шығармалары: Қанахин Ө. Екі кездесу. 1947.
Қанахин Ө. Ауыр күндерде. Повесть.-Алматы: «Жазушы», 1969.-212б.
Қанахин Ө. Мұрагер. 1958; Қанахин Ө. Көл жағасында.1960; Қанахин Ө. Маздақ. 1964; Қанахин Ө. Тұңғыш махаббат.1966; Қанахин Ө. Жас дәурен. 1966; Қанахин Ө. Жер басып жүрсем. 1968;  Қанахин Ө. Дәмелі.1962; Қанахин Ө. Жүрек қалауы.1974; Қанахин Ө. Бақыт бәйшешегі. 1976; Қанахин Ө. Құдірет: Роман.1979; Қанахин Ө. Қарт сарбаз хикаясы.1986;
Қанахин Ө. Ата қоныс: Повесть-эссе.- Алматы: Жазушы, 1990.-288б.
Қанахин Ө.  Құдірет. Роман.- Астана: Елорда, 2001.-360б.
Қанахин Ө.  Құдірет. Роман.- Алматы: «Қазақстан», 2008.-368б.
Өтебай Қанахин. Құдірет. Роман. / Ред.алқасының төрағасы Мұхамбетов А. «Ақтөбе кітапханасы» сериясы. –Т 7. –Ақтөбе: «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, 2011.- 400б.
Қанахин Ө. Шығармасы // Жәдігер. Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы. /Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.-Ақтөбе,2006.-113б.
Толығырақ

Кемал Бердібай

Кемал Бердібай

 1962 жылы 7 сәуірде Шалқар ауданында дүниеге келді. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика  факультетін бітіргеннен кейін Алға аудандық «Жұлдыз» -«Звезда» газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, редактор, «Егемен  Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарды.

Кемал Б. Келіспеген кесте: Сатиралық әңгімелер.- Алматы: Зерде, 2001; Кемал Б. Қайран жылытпа! Әзіл әңгіме // Жәдігер. Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы. /Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.-Ақтөбе-2006.-347б.
Толығырақ