Показаны сообщения с ярлыком Ақтөбенің сөз зергерлері. Показать все сообщения
Показаны сообщения с ярлыком Ақтөбенің сөз зергерлері. Показать все сообщения

Кереева Қарлыға

Кереева Қарлыға
Кереева Қарлыға

(1931-2015)

 1931 жылы Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Жарқамыс орта мектебін бітіріп,Ақтөбе қаласындағы педагогикалық училищеге түседі. Білімін одан әрі жетілдіру мақсатында Н.Байғанин атындағы екі жылдық мұғалімдер институтына түсіп, оны 1952 жылы физика-математика мамандығы бойынша бітіріп шығады. Еңбек жолын аудандағы Комсомолдың ХХХ жылдығы атындағы орталау мектебінің мұғалімі болудан бастайды. 1953 жылы ауданның комсомол ұйымына жұмысқа ауысып, аудандық комитетінің екінші хатшысы, кейіннен бірінші хатшысы болады. 1959 жылы қызмет жасай жүріп, Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетін тәмамдайды. 1962-1964 ж.ж.Москва қаласындағы СОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінде оқып, оны партия құрылысы бөлімі бойынша бітіріп шығады. 1986 жылы республикалық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық партия комитетінің хатшысы болып жұмыс жасаған.1976 жылы «Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің үздігі» атанған.


Баймағанбетова Қ./ Байғанин ауданы. Энциклопедия./ Бас ред. Кемешов Б.-Ақтөбе 2008.-111б.
Кереева Қ. Нан атасы-дән, балам: Повестер мен әңгіме.- Алматы: Жазушы,1984.-120 б.
Кереева Қ. Ат үстіндегі арпалыс: Естелік әңгімелер.-Ақтөбе,2001.-392б.
Толығырақ

Байжомартов Үкітай

Байжомартов Үкітай
Байжомартов Үкітай
1931 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1938-47 жылдары әйгілі «Мамания»  орта мектебінде оқыған. 1955 жылы  Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін үздік бітірді. 1955-1982 жылдары Талдықорған, Алматы, Ақтөбе облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы қызметтерінде болады. 1963-83 жылдары партиялық-мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Ақтөбе облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1983-1985 жылдары Ақтөбе облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы қызметінде болған. 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтына оқытушылық қызметке ауысты. Аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды.
Ғылымдағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен 2 мәрте марапатталған. «Тас балқып, ағаш батқан күндердің азабы немесе   екі басты бүркіт  бейнеленген  түйме хикаясы» атты  кітабы үшін облыс әкімі сыйлығының лауреаты атанды.



Байжомартов Ү. Екі басты бүркіт бейнеленген түйме хикаясы: Повесть.- Алматы: «Жібек жолы».-2012.-422б.

Байжомартов Ү. Өмірім мен өткелдерім: роман-эссе,хикаят.- Алматы: «Толғанай Т».-2013.-352б.

Байжомартов Ү. Тас балқып, ағаш батқан күндердің хикаясы немесе екі басты бүркіт бейнеленген түйме хикаясы: роман-эссе, хикаят.- Алматы: «Толғанай Т».-2013.-352б.
Толығырақ

Ізбай Әлімбай

Ізбай Әлімбай

(1958-2007)
            1958 жылы Шалқар ауданы Байқадам селосында дүниеге келген. Осындағы Қорғантұз орта мектебін 1975 жылы бітіріп, екі жыл бойы «Сарыбұлақ» совхозындағы «Жалын» комсосол –жас шопандар бригадасында еңбек етті.
Мектепте оқып жүргеннен оның мақалалары, сықақ –әжуалары республикалық «Қазақстан пионері» газетінде, «Ара» журналында, облыстық, аудандық басылым беттерінде жиі жарияланып тұрды.
1977-1979 жылдары армия қатарында азаматтық борышын өтеп, 1980-1985 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. Университетті бітіргеннен кейін  Ақтөбе облыстық радиотелекомитетінің жастар редакциясында редактор, теміржолшылардың «Стальная магистраль-Болат жол» газетінде тілші, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде редактор болды. Одан кейін «Алтын Орда», «Ақтөбе» газеттерінде қызмет істеген.

Ізбай Ә. Қырық үш күндік кемдік: Әзіл әңгімелер.-Ақтөбе: «А-Полиграфия». 2014.-168б.
            Ізбай Ә. Шексіз билік: Әзіл әңгіме // Жәдігер.  Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы./Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.-  Ақтөбе. 2006.-338б.
Толығырақ

Үмбетбай Уайдин

Үмбетбай Уайдин

            1935 жылы 10 қарашада Ырғыз ауданындағы Темірастау ауылында туған.
            Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақ сатирасының белді өкілі. 1965 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң Қазақ радиосында, «Ара» журналында, «Қазақфильм» киностудиясында, «Өнер» баспасында, республикалық кітапқұмарлар қоғамында қызмет істеді. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде ұстаздық етеді.

            Уайдин Ү. Қара көзілдірік. Сатира./ Алматы: Жазушы, 1969;
Уайдин Ү. Құрдым сиыр. Балаларға арналған суретті кітап.-Алматы: Жазушы, 1971;
Уайдин Ү. Ендігісін айтпаймын. Әзіл -сықақтар.-Алматы: Жазушы, 1978; Уайдин Ү. Ішің білсін. Өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1976;
Уайдин Ү. Контейнермен келген кемпір. Әзіл-сықақтар.-Алматы: Жалын, 1978;
Уайдин Ү.Тілсіз қоңырау.Әзіл-сықақ әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1980; Уайдин Ү. Быды-быды. Әзіл-сықақтар.-Алматы: Жалын, 1982;
Уайдин Ү. Нанайын ба, нанбайын ба? Өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 1984;
Уайдин Ү. Особая столичная простокваша. Сатирический сборник.-Алматы: Жалын, 1984;
Уайдин Ү. Өмірге құштарлық. Публицистика.-Алматы: Жазушы, 1985;
Уайдин Ү. Мәселе қайда жатыр. Публицистика.-Алматы: Жазушы, 1987;
Уайдин Ү. Пәлен- пәштуан. Әзіл-сықақтар.-Алматы: Жазушы, 1992;
Уайдин Ү. Алло, бұл кім? Сахналық сатира.-Алматы: Өнер, 1991;
Уайдин Ү. Мәңгілік мәселе. Публицистика.-Алматы: Рауан, 1993;
Уайдин Ү. Атың кім, әй? Әзіл-сықақтар.-Алматы: Қожанасыр, 1995;
Уайдин Ү.Знакомство по обьявлению. Сатира.-Алматы: Жазушы, 1986; Уайдин Ү.Әумин! Өлеңдер жинағы. -Алматы: Өлке, 2001;
Уайдин Ү. Сен кімге күлесің? Сатира.-Алматы: Ана тілі, 2003;
Уайдин Ү. Біз былай байығанбыз. Сатира.-Алматы: Ана тілі, 2005;
Уайдин Ү. Оңашадағы ойлар.Қанатты сөздер.-Алматы: Нұрлы әлем, 2005; Уайдин Ү. Әдеп әлемі. Танымдық-тағылымдық педагогика.-Алматы: Ана тілі, 2008;
Уайдин Ү. Сырымды айтайыншы. Өлеңдер, ой-толғамдар, афоризмдер, сыр-сұхбаттар.-Алматы: Баянжүрек, 2010;
Толығырақ

Тілепбергенов Жиенғали

 Тілепбергенов Жиенғали


1895 жылы Темір ауданында туған. 1918 жылы Уфадағы «Ғалия» медресесін тәмамдайды. Медреседе қазақ балалары 1915-1918 жылдар аралығында шығарған «Садақ» қолжазба журналының Бейімбет Майлиннен кейінгі редакторы болды. Ол Қонжар, Қандыағаш мектептерінің мұғалімі, Темір оқу бөлімінің инспекторы, Ақтөбедегі  «Кедей» газеті редакторының орынбасары, Петропавлдағы  «Бостандық туы» газетінің редакторы, Қызылорда ағарту институтының оқу-тәрбие жұмысын басқарушы, «Сыр бойы» газеті редакторының орынбасары, Алматы Қазақ мемлекеттік баспаханасы, Темірдегі «Социалистік майдан» газетінің редакторы болды. Әңгімелерімен бірге сатиралық суреттемелер, фельетондар жазды. «Таңбалылар» повесі,  «Перизат-Рамазан», «Тілші» пьесалары бар. «Перизат-Рамазан»  пьесасын Ақтөбе облыстық драма театры көпшілікке жазушының 100 жылдығы  тұсында қайта ұсынды.
          Тілепбергенов Ж. Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары. Анықтамалық./ Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ.- Алматы: Ан-Арыс, 2009.-402б.
Тілепбергенов Ж. Ізбасар. 1969; Тілепбергенов Ж. Таңбалылар: Повесть. 1995;
Тілепбергенов Ж. Перизат-Рамазан: Пьесалар. Повесть.- Астана: Елорда, 2002.-152б.
Тілепбергенов Ж. 1-том: Әңгімелер, фельетондар, мақалалар.-Алматы: Алаш, 2005.-280б.
Тілепбергенов Ж. 2-том: Повесть, пьесалар, әңгімелер.-Алматы: Алаш,2006.-256б.
Тілепбергенов Ж. Таңбалылар: Повестен үзінді. //Жәдігер.  Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы. /Ред.алқасының төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе, 2006.-90б.
«Жақсының келіні немесе Ж.Тілепбергенұлының ұрпақтары туралы сыр»/ Сағиталықызы З./Нұр-Дәулет газеті. 28.06.2002.-6б.

Толығырақ